Атырауда белгісіз біреу екі аптадан бері зейнеткерлерге тегін нан таратуда
- author «Ақ жол»
- 8 желтоқсан, 2015
- 261
Атыраудағы Жилгородок ауданындағы «Китайка» дүкені екі аптадан бері зейнеткерлерге тегін нан таратуда. Бұл акцияға белгісіз болып қалуды жөн көрген қала тұрғыны бастамашы болған.
Ксения зейнеткерлерге тегін нан беру, егер олар қаласа қолдарына екі-үш бөлкеден ұстату жөнінде дүкен қожайынымен келісім жасаған.
“Дүкенде ақша төлеп тұрған бір әжейдің нан алуға ақшасы жетпей қалғанын көрген кезде басыма осындай ой келді. Қалтыраған қолымен қажетті соманы жеткізе алмай, күрсініп дүкен сөресінен бұрылып кетіп бара жатқанын көру ауыр тиді… Әрине, мен оған көмектестім, мұны үлкен жетістік деп есептемеймін. Бірақ осындай қариялар қазір көп, Жаңа жылдан кейін нанның бағасы 80-ге көтерілген кезде одан сайын көбейеді деген ой мықтап орнығып алды”, – дейді ол.
Қыз қолынан келгенше үлесін қосуды ұйғарады: бірінші жексенбіде ол сатушыға он бес бөлке үшін ақша береді. Бұл тез арада ауданға жайылып, мұндай мөлшер жетпейтін болды. Енді дүкенде тегін берілген нанды Ксенияға қарыз етіп жазып қоятын болған.
“Шыққан соманы төлеуге шамам жетеді. Осы дүкенде, менің өтінішім бойынша, сол күні нанның тегін берілетіні жөнінде хабарландыру ілінді. Әлеуметтік желілерде де бұл қозғалыс жанданып келеді. Басқа көптеген қала тұрғындары өз ықшамаудандарындағы дүкендерде осындай тұрақты акция ұйымдастыруды жоспарлауда”, – дейді Ксения.
Өткен жексенбіде біз «Китайка» дүкенінде қариялар арасында тегін нан қаншалықты сұранысқа ие екенін тексеру үшін азғана кезекшілікте болдық. Бір сағат ішінде, таңертеңгі сағат 10-нан 11-ге дейін дүкенге бес егде жандар кіріп, бәрі бір адамдай сол жерден бірнеше бөлке ыстық нан алып шықты.
Ұқсас жаңалықтар
«Салауатты ауыл» қатары көбейіп келеді
- 17 қараша, 2024
Зертханалық диагностика мәселелері зерделенді
- 17 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді