Келесі жылы «Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі» жекешелендіріледі
- author «Ақ жол»
- 8 желтоқсан, 2015
- 660
«Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ 2016 жылы өзіне қарасты 4 компанияны бәсекелестік ортаға бермек. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында аталған холдингтің басқарма төрағасы Қуандық Бишімбаев мәлім етті.
«Олар: Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі, ҚазЭкспортГарант, Қазақстан Инвестициялық қорының активтері мен жобалары, сондай-ақ Ұлттық технологиялық даму жөніндегі агенттік. Бастапқы үш актив бойынша біздер бастапқы кезеңде қызмет бейінін сақтап қалатын, маманданымы, қажетті тәжірибесі мен дағдысы бар стратегиялық инвесторлар іздейтін боламыз. Өйткені, бұл ұйымдардың барлығы да мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруға немесе мемлекеттік қызметті орындауға тартылған. Бұл ретте аталған активтердің табысты сатылуы үшін біздердің баса назар аударғымыз келетіні, бұл - Ұлттық технологиялық даму жөніндегі агенттікті қоса алғанда мемлекеттік тапсырысты сақтау», - деді ол.
Қор басшысының айтуынша, «Тұрғыүйқұрылысжинақбанкі» үшін банк саласында тәжірибесі бар мамандандырылған қаржылық инвесторларды іздеу жоспарланып отыр.
«Егер мұндай инвестор табылмайтын болса, онда біз Үкіметке аталған активті жүзеге асыру бойынша нақты қадамдарды жеке ұсынатын боламыз. Мүмкін ІРО-ға шығарамыз немесе басқа да тетіктер қарастырамыз», - деді Қ.Бишімбаев.
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




