Ақтөбеліктер Сириядағы соғысқа қатысу үшін өздері сұранып жатыр
- author «Ақ жол»
- 8 желтоқсан, 2015
- 200
Ақтөбедегі діни ахуал үлкен күштің қадағалауында. Барлық құзырлы органдар экстремизммен күрес және оның алдын алу жұмыстарына ден қойып отыр деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі
Оған себеп те жоқ емес. Ақтөбеде әлі 2011 жылы болған Шұбарши оқиғасы кезіндегі қарулы қақтығыс ұмытылған жоқ. Ауылдағы жағдай да бірқалыпты емес.
Бұл туралы облыс әкімі де «Шұбаршидағы жағдай тұрақталған жоқ» деп құзырлы органдардың назарын аударып, елді елеңдеткен болатын.
«Біз жыл сайын экстремизмді насихаттайтын бірнеше сайтты анықтаймыз, оларды жабамыз. Басқа атпен, бағыты бір тағы жаңа сайт ашылады. Ғаламтор мүмкіндігін шектеу қиынға соғып тұр. Біздің өзімізде сот арқылы мыңдаған сайт жабылды. Экстремизмді насихаттайтын ақпараттандырылған сайт орталығын қаншалықты жойғанымызбен, соншасы пайда болып жатыр»,- дейді Ақтөбе облысы прокуратурасының бірінші басқарма басшысы Маратбек Мырзамұратов.
Прокурорлар діни сауатын түрлі сайт арқылы ашып жүргендерді тыйым салынған ақпараттан қорғаудың қиындап бара жатқанын айтады.
«Араб елдерінде жасалған сайттардың таралуы күшті болып тұр. Ақпараттық топтың белсенді жұмыстарынан қорғану қиынға соғып жатыр. Олар мәліметтерді барлық тілге аударып таратып жатыр»,-деді Маратбек Мырзамұратов.
Теріс ағымды насихаттап, жиһадқа шақыратын ұрандар бірнеше ақтөбеліктің санасына сіңіп, олар шетел асып та үлгерген.
«Ақтөбеліктер арасында Сирияға баруға әрекет ететіндер көп. Бірақ өңірдегі 2011 жылғы Шұбарши оқиғасынан кейін бәрін қатаң бақылауда ұстап отырмыз. Сол кездегі үлкен қақтығыстан кейін сақтықпен қараймыз. Біз кейбір адамдардың кеткісі келетінін білеміз, бірақ оған рұқсат бере алмаймыз. Сытылып, кетіп қалғандар да болды. Ата-анасын, отбасын тастап кететіндер, әйелін ертіп, баласын тастап кеткендер болды»,-дейді прокурор.
Сонымен қатар, облыс прокурорлары өңірде теріс ағымда жүрген топпен тығыз жұмыс жасайтын теологтардың жетіспейтіндігін айтты. Прокуратура Сирияға кеткісі келетіндердің санын құпия ұстап отыр.
Ұқсас жаңалықтар
«Салауатты ауыл» қатары көбейіп келеді
- 17 қараша, 2024
Зертханалық диагностика мәселелері зерделенді
- 17 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді