Бес институттық реформаның ауқымы кең онда кәсіби мемлекеттік аппарат құру жолдары көрсетілген

Бес институттық  реформаның ауқымы кең  онда кәсіби мемлекеттік аппарат құру жолдары көрсетілген
ашық дереккөз
Бес институттық реформаның ауқымы кең онда кәсіби мемлекеттік аппарат құру жолдары көрсетілген

Нұрдәулет Жамалбеков, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы.

Елбасы «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Жолдауында «100 нақты қадам» – Ұлт жоспарына айрықша тоқталды. Мемлекет басшысы айтқандай, бес институттық реформаны жүзеге асырудың 100 нақты жолы көрсетілген бағдарлама ауқымы жағынан 90-шы жылдары жүргізген реформалармен бірдей. Жалпы, Ұлт жоспары – ұлт болашағы үшін жасалған бағдарлама. «Мәңгілік Ел» мемлекеттік идеясын жүзеге асыруды көздейді. Құжатта кәсіби мемлекеттік аппарат құру жолдары көрсетілген алғашқы бағыттың 15 қадамы мемлекеттік қызмет сапасын жақсартуға қатысты тапсырмалар. Бірақ, мұны тек мемлекеттік қызметшілердің міндеті деп түсінбеуіміз керек. Бұл – елге қызмет ететін мемлекетшіл азаматтардың, яғни қоғамның әрбір мүшесіне жүктеліп отырған үлкен жауапкершілік. Мемлекетке қызмет жасау – ұлтқа қызмет ету ұғымымен астасып жатқанын, біздің жағдайымызда мемлекеттік қызметші халық қызметшісі сөзінің баламасы екенін жадымыздан шығармағанымыз абзал. Кез-келген дамушы елдің патриот ұл-қызы, алдымен, өз мемлекетіне, оның мемлекеттік құрылымдық жүйесіне һәм бастысы идеологиясына қызмет етуі тиіс. Сонда ғана еліміздің іргесі бекіп, керегесі кеңейіп, айналасындағы ұлт пен ұлысқа құшағы айқара ашылмақ. Дамыған 30 елдің қатарына қосылуға бел буған Қазақстан – міне, осындай мемлекет. Президент Н.Ә.Назарбаевтың мемлекеттің босағасын биіктете түсетін адал мемлекеттік қызметшілер мен кәсіби мемлекеттік аппарат тұрғысындағы ой-тұжырымының астарында тарихи негіз жатыр. Олай болса, Елбасы қағидаты мен жасаған тұжырымдамаларды әртүрлі әкімшілік-мемлекеттік қызметте жүрген әріптестеріміз бен осы қызметке келіп, халық үшін еңбек етуге талпынған талапкер жастар біліп, түсінуі тиіс. Өйткені, мемлекеттік қызмет пен оның кәсіби аппараты басқа қызмет түрінен өрелілігімен, асқан жауапкершілігімен дараланады. Бұл тек белгілі бір саладағы қызмет түрі емес, ұлт ожданының алдындағы мәртебелі міндет!

Т.Рысқұлов ауданы.

Ұқсас жаңалықтар