Ақ шымылдық
Ата-баба жолыменен бұрыннан,
Бізге жеткен айналасың ырымнан!
Келін болып түскен үйге сол күні-ақ,
Ақ жібектен, ақ шымылдық құрылған.
Көрмеп едім өңім түгіл түсімде,
Артық мін жоқ қарап тұрсаң ісінде.
Келін болып түскен үйде ізетті,
Ару отыр ақ шымылдық ішінде.
Махаббаттың адалдығын ақтаған,
Ата-баба дәстүріне мақтанам!
Ақ шымылдық аясында ақ пейіл,
Сол ару қыз салт-дәстүрін сақтаған.
Кім бар екен жақсылықпен таласқан?
Қандай жақсы салт-дәстүрмен санасқан.
Адалдықтың ақ белгісі іспетті,
Ақ шымылдық аруларға жарасқан!
Көрсетпестен шаңырақтың жаттығын,
Деп айтады: « келін түссе сәтті күн!»
Ақ шымылдық ару қыздың тап-таза,
Арқалап тұр ары менен пәктігін!
Жаратқан соң ер жігітін шымыр ғып,
Өмір берсін адамдарға ғұмырлық!
Қазағымның ана болар қызына,
Қастерлі екен, қасиетті шымылдық!
Сайлаубай Тойлыбаев.
Ұқсас жаңалықтар
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




