Қазақстан бағаны реттеуден толықтай бас тартады
Қазақстан бағаны реттеуден толықтай бас тартады. 2017 жылдың қаңтарынан бастап бағаны реттеу тоқтатылмақ деп хабарлайды Алматы арнасы.
Бұл туралы еліміздің Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің төрағасы Серік Жұманғарин мәлімдеді.
2016 жылдың 1 қаңтарынан Ішкі әуе тасымалының бағасын бақылаудан босатпақ жауаптылар. Себебі төртінші әуе компаниясы пайда болды. “Бірақ әуе компанияларында бағаның қымбаттауы байқалмады”, – деді комитет төрағасы.
Бағаны реттеу тек заң бұзушылық болған жағдайда жүргізіледі. Кәсіпкерлік пен бәсекелестік еркіндігі берілді. Бәскелестік пайда болады. Осыдан кейін баға төмендеуі мүмкін, алайда ол кенеттен көтерілмейді.
«2017 жылғы 1 қаңтардан бастап, арнайы өтпелі кезең береміз. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап, доминанттар тізілімінде жоғары шоғырландырылған нарықтарды ғана қалдырамыз. Бұл – бәсекелестігі жеткілікті дамымаған өте жоғары шоғырланған нарық. Ал, 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап, бағаны еркіндікке жібереміз, бірақ оны күллі әлемде қолданылып жүрген монополияға қарсы реттеу аспабымен алмастырмыз. Яғни, біз баға бойынша сөз байласқан, үстем жағдайды теріс пайдаланған, монополиялық жоғары баға белгілеген жағдайлар үшін жазалайтын боламыз. Бұл өте күрделі жұмыс, десек те күллі әлем осы бағытта әрекет етіп отыр», – деген Серік Жұманғариннің сөзін Қазақпарат келтіреді.
Ұқсас жаңалықтар
Адам мен қоғамның дертін қатар емдеген
- 16 қаңтар, 2025
Медицина саласы серпінді дамуда
- 14 қаңтар, 2025
Метапневмовирус қаншалықты қауіпті, облыстағы жағдай қандай?
- 14 қаңтар, 2025
Ақпарат
Таразда ҚАЖ департаменті жыл қорытындысын жасады
- 16 қаңтар, 2025
Жамбыл облысында 49 инвестициялық жоба жүзеге асырылды
- 13 қаңтар, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді