Орталық «Достық» алаңында Елбасы Жолдауын облыс тұрғындарына насихаттайтын автокеруенді аудандарға шығарып салуға арналған митинг өтті. Оған «Нұр Отан» партиясының облыстық, қалалық филиалдары, мемлекеттік органдардың, қоғамдық, этномәдени бірлестіктердің жетекшілері мен мүшелері, қоғам қайраткерлері, жасотандықтар мен студенттер қатысты. Жиында партия облыстық филиалының төрағасы, облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев, кәсіпкерлер палатасының директоры Қарлығаш Аралбекова, Тараз химия технология колледжінің директоры Гүлнәр Тұрсынбекова және өзге де бірқатар лауазым иелері Жолдауда қойылған міндеттерге тоқталды.
Мұнан соң құрамында 200-ге жуық адам бар үгіт-насихат тобының керуені арнайы жабдықталған автобустармен 10 ауданға аттанды. Олар шалғай жатқан әрбір елдімекен тұрғындарымен кездесіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізбек. Сондай-ақ керуен құрамында аудан тұрғындарына төмен бағада ұсынылатын 870 тонна әлеуметтік азық-түлік тиелген 8 жүк көлігі де бар.
"Ақ жол-Ақпарат"
Ұқсас жаңалықтар
Үздік партияға – үздік кадрлар
- 28 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді






