Жандар КӘРІБАЙҰЛЫ, қоғам қайраткері.
– Тәуелсіздігіміздің әр күні жылға татитындай тарихи кезеңде өмір сүріп жатырмыз. Маңызы зор саяси оқиғалар қоғам өміріне жаңаша сипат, мәнді мазмұн беруде. Солардың ішінде әлем назарын тағы да өзіне аударған айтулы мереке – Тұңғыш Президент күні қарсаңында Елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты халыққа жария еткен Жолдауы. Ел дамуына серпін беретін бұл стратегиялық маңызды құжат бұрынғылардан ертерек жолданып отыр. Оның себебі бар. Өйткені, ел дамуындағы басым бағыттарды айқындап, сыртқы сын-қатер ахуалдар күрделі болып тұрған кезеңде ырғалып-жырғалуды көтермейтін жедел шешілуі тиіс міндеттерді күнілгері белгілеу қажет болды. Бұл Жолдау сонысымен айрықша маңызды. Енді Үкімет, жергілікті атқарушы органдар терең талданған тапсырмаларды тезірек әрі сапалы жүзеге асыруы тиіс. Мемлекет басшысының әлемді жайлаған дағдарыстың қоғам дамуына қиындық тудырумен қатар одан шығудың жолдарын тауып, мүмкіндіктерді барынша кәдеге асыруға жігерлендіретін қуаты бар екендігін баса көрсеткені ерекше қанағат сезімін тудырады. Елбасы дағдарыс тығырығынан шығу, жаңа белестерді бағындыру, қандай қиындықтар болса да әлемдегі озық 30 елдің қатарынан көріну мақсатынан таймау үшін 5 халықтық реформаны жүзеге асыратын 100 ұлт қадамына қуат беретін 5 міндетті айқындап берді. Олар қаржылық секторды тұрақтандыру, бюджет саясатын оңтайландыру, жекешелендіру және экономикалық бәсекелестікті ынталандыру, жаңа инвестициялар тарту, жаңа әлеуметтік саясатты жүзеге асыру. Айтылған бағыттардың әрқайсысы бағдаршам ретінде аса маңызды. Елбасы рухы биік, еңбегі ерен, бірлігі мығым Мәңгілік Ел болу үшін бізде бәрі бар дей келіп, қазақстандықтардың жасампаздығына үлкен сенім артып отыр. Ал сенімнің жауапкершілік жүктейтінін біз жақсы білеміз. Тараз.
Ұқсас жаңалықтар
Енді шақыртуға барған әр дәрігерде видео, аудио тіркегіш болады
- 2 желтоқсан, 2025
«Ауыл аманаты» жобасының арқасында мал басы көбейді
- 2 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




