Кеншілер қамқорлықсыз қалмайды
Қуатбек Бидайбеков,
«Казфосфат» ЖШС-ның
«Шолақтау»
тау-кен өңдеу кешенінің
әлеуметтік сұрақтар
жөніндегі жетекші
инженердің міндетін атқарушы.
Мереке қарсаңында Елбасы Қазақстан халқына Жолдау жасайды деген хабарды естіген соң тағатсыздана күттік. Олай алаңдауымызға да себеп жоқ емес. Әлемді шарпыған дағдарыс, бағаның мың құбылуы, оның үстіне кен байлықтарының да бағасының құлдырауы ойымызды он саққа жүгіртіп, санамызды сансыратқанын жасырмаймыз. Бірақ, Президент Жолдауын тыңдаған соң көкейіміздегі жүрген сауалдарымызға жауап тауып, ертеңге деген сеніміміз нығая түсті.
Жолдауды тыңдау арқылы біздің елімізде қандай да бір қиындыққа төтеп беретін, дағдарысқа қарсы іс-жоспар жасалынып жатқанын білдік. Иә, Елбасы айтқандай, дүниежүзінде химия өнімдеріне деген сұраныс қай уақытта да маңызын жоғалтпайды.
Президентіміз Үкіметке кен орындарында жұмыс істейтін кеншілердің әлеуметтік жағдайын жақсартудың жолдарын қайтадан екшеуге тапсырма берді және жұмыс орындарын сақтауға талап қойды. Бұл сөз кеншілердің көңілін серпілтіп, жанын жадыратты. Елбасы бұған дейін де сан мәрте жұмысшы мәртебесін көтеру керектігін айтқан еді. Осы жолы мәселені тікесінен қойып отыр.
Елбасы дағдарысты еңсеру үшін өнімді ұқсатып, түрлі өнімдер шығаруды жолға қою қажеттігіне тоқталды. Қуатты ел болу – бәсекеге қабілетті болу деген сөз. «Қазақстанда жасалған» әрбір бұйымда төрт қасиет: сапалы, ыңғайлы, әдемі және арзан – болуы керек. Сонда ғана ісіміз өнімді, затымыз өтімді болады», – деді Президент. Мемлекет басшысының бұл сөзін шағын және орта бизнес өкілдеріне, тіпті, өндіріс орындарының мамандарына қарата айтылған есті ескертпе деп түсінемін.
Біздің «Казфосфат» ЖШС-на қарасты «Шолақтау» тау-кен өңдеу кешенінің филиалында фосфор өндіру көлемі, жылдан-жылға арттып келеді. Өнімдерімізді бірқатар шет мемлекеттер тұтынады. Өндіріс орны алдағы уақытта да қарқынын төмендетпек емес.
Талас ауданы.
Ұқсас жаңалықтар
Енді шақыртуға барған әр дәрігерде видео, аудио тіркегіш болады
- 2 желтоқсан, 2025
«Ауыл аманаты» жобасының арқасында мал басы көбейді
- 2 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




