«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Шабытымызды оятып, жүрегімізді толқытты

Шабытымызды оятып, жүрегімізді толқытты
ашық дереккөз
Шабытымызды оятып, жүрегімізді толқытты

Қуандық Шолақ, ақын. халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері.

Жуанның жіңішкеріп, жіңішкенің үзілуге таяу тұрған шағында мына әлемде аласапыран кезеңде әркімге де салиқалы да салмақты шешіммен, жеті рет ойланып бір рет қадам жасаған абзал. Мұндай алпауыт елдердің өзін қыспаққа алған қысылтаяң шақта ақырын басып, анық жүргендердің еңбегі еш кетпейді. Қазақ даласы қанша зұлматты, бұдан да ауыр шақтарды бастан кешіріп, артқа қалдырғанын ескерсек, егемен еліміз бұл қиындықтан да еңсесін түсірмей өтеді деп сенемін. Тұңғыш Президент күні қарсаңында Елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты халыққа жария еткен Жолдауын аса ыждаһаттылықпен тыңдап отырып, ертеңге деген сенімімді нығырлай түстім. Көреген Көшбасшымыздың сарабдал саясатының бағыты айқын екеніне тағы бір көз жеткіздім. Елбасының Жолдауындағы әрбір қаузалған жайттар келер жылдың ғана жоспары емес, келер болашағымызды бағдарлаған дүниелерге толы болғаны жанымызды марқайтады. Жолдауда келер күнге кемел саясатпен жетуіміз туралы, алдымызда кездескен қандай да бір қиындықтарды қалай ел пайдасына қарай еңсереміз деген сауалға жауап жан-жақты айтылды. Мемлекет басшысы заманның қазіргі беталысына баға беріп, біздің аса күрделі, қиын кезеңге табан тірегенімізді жасырмады. Бұл туралы Елбасы: «Жаңа қатерлері мен тың мүмкіндіктері қатар өрбіген жаһандық ахуал біздің көз алдымызда өзгеруде. Алпауыт елдердің текетіресі мен өзара санкциялар алмасу дүниені тұйыққа қарай бастауда. Біздің басты экспорттық өнімдеріміздің дүниежүзілік нарықтағы бағасы еселеп құлдырады. Бүгінгі ахуал – біздің жетістіктерімізді сынға салып, елдігімізді шыңдай түсетін уақыт тезі», – дей келе, мұндай жауапты сәтте ел азаматтарының бірлікті сақтап, елдің игілігі үшін аянбай тер төгуі қажеттігіне назар аударды. Елбасының ширақ қимылдап, өнімді еңбек етсек қана алда тұрған қиындықтарды жеңуге болатынын қадап айтқаны көңілге медет ұялатады. Аянбай еңбек еткеннің игілікке жетері сөзсіз. Бұл тұрғыда жастардың тегін кәсіби мамандық алуына жағдай жасалатыны да жағымды жаңалық болды. Т. Рысқұлов ауданы.

Ұқсас жаңалықтар