Данияр Жұмабаев, ҚМДБ-ның облысымыздағы өкілі, облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінің бас имамы. Елбасы Жолдауын Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жергілікті ұйымдары да ерекше ықыласпен тыңдады. Облыстық мешіт қызметкерлері мен медресе ұстаздары, шәкірттері орталық мәжіліс залында тікелей эфир арқылы арналардан көрсетілген жаңа Жолдауға құлақ түрді. Келер жылдың бас құжатына әр аудандық мешіттерде де діни қызметкерлер ден қойды. Президенттің банк саласына қатысты бастамалары, іскер азаматтарға несие алу жолдарын жеңілдеткені халыққа жасалған қамқорлық дер едік. Қасиетті Құранда «Басшыға бағыныңдар!» деген аят бар. Сондықтан, Жолдауға назар бөліп, одан туындаған міндеттерге үлесімізді қосу – имамдардың, дін саласы өкілдерінің міндеті. Президент еркіндік таңының елең-алаңындағы дағдарыспен қазіргі таңда сезіліп тұрған әлемдік дағдарысты салыстырып, бүгінгі күнге жеткенімізге тәубе деуіміз қажеттігін, шүкіршілік айтуымызды ескертті. Себебі, Құранның «Таһрин» сүресінде «Ей, мүміндер, Аллаға шынайы тәубе етіңдер» дейді. Елбасы әлемдегі діни тыныштықты бұзып, лаңкестікке жол ашатын ұйымдармен бірігіп күресу қажеттігін айтты. Мұның өзі Мемлекет басшысының исі мұсылманның асыл діні исламды қолдағаны деп бағалаймыз. Президент әлем халықтарын ынтымақ, бірлікке, дінаралық татулыққа шақырудан жалыққан емес. Әлем халықтарының ынтымағы тыныштыққа, бірлікке, әр елдің бейбіт дамуына жол ашатыны анық. Сондықтан, Президент Жолдауы дін саласы қызметкерлеріне де үлкен ой салды, жақсы әсерге бөледі. Патриоттық сезімге жетеледі. Облысымыздағы әр мешіттің имамдары Отанды сүюге, елдік істерге ұмтылуға міндетті екендерін сезіне түсті деп ойлаймын. Еліміздің өркендеуі, Елбасының «Мәңгілік Ел» идеясының жүзеге асуы әрбір қазақстандық үшін маңызды. Мұндай елдік істерге жұмысы халықпен бірге болып, жұртты рухани жағынан тәрбиелеп жүрген имамдар үнемі үлес қоса беруі тиіс деп есептеймін. Тараз қаласы.
Ұқсас жаңалықтар
Халықтық сайлау: тиімділік пен мүмкіндік
- 21 қараша, 2024
Аманат жүгі абыройға бастайды
- 19 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді