Кемел келешекке –кемеңгер басшымен

Кемел келешекке –кемеңгер басшымен
ашық дереккөз
Кемел келешекке –кемеңгер басшымен

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай Назарбаев зияткерлік мектебінде зиялы қауым өкілдерінің қатысуымен «Кемел келешекке – кемеңгер басшымен» атты облыс жастарының форумы өтті. Бір айта кететіні, жастардың жиыны Ұлт Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған кезекті Жолдауымен тұспа-тұс келді. «Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Қасымхан Төлендиев, республикалық «Өз кәсібінің үздіктері» байқауының «Үздік технолог» аталымының жеңімпазы Дәулет Егембердиев, жас ақын Марал Хантөреқызы баяндама жасады. Форумда Елбасымыздың өмірлік тәжірибесі мен тәуелсіз мемлекетімізді қалыптастырудағы қалтқысыз еңбегі, еліміздің қол жеткізген жетістіктері сөз болды. Жастарды өз елінің патриоты болуға шақыратын кемел ойлар айтылды. – Мерекеге орай ұйымдастырылған бұл форум облыстағы білікті, білімді жастардың басын қосты. Президентіміз туралы келелі әңгімелер айтылған шарадан жастар көп тәлім алды деп ойлаймын. Айтылған келелі пікірлер ой салып, олардың Отанға, елге деген сүйіспеншілік сезімдерін ояттық деп нық сеніммен айта аламын. Біздің негізгі мақсатымыз да осы еді, – деді облыс әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Еркебұлан Құралбаев. – Біз форум барысында Президентіміздің тәуелсіздік жылдарындағы халықты тығырықтан алып шыққан кемеңгерлігін түсіндік. Форумда Елбасы туралы қысқа метражды фильм көрсетілді. Сол арқылы өткенімізді тануға мүмкіндік туды. Сонымен қоса, Елбасымыздың халыққа арнаған кезекті Жолдауын онлайн режімде тамашалай алдық. Жолдауды тыңдау барысында ұққаным – Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше болғаны. Мен бүгін «Қазақстанның дамуы үшін жастар не істеуі керек?» деген ой түйдім. Жастар Елбасына деген жүрекжарды жырларын арнапты. Белсенділерге Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың авторлық кітаптары сыйға берілді, – дейді Назарбаев зияткерлік мектебінің 12-D сынып оқушысы Інжу Жолымбетова.

Нұрым Сырғабаев, «Ақ жол».

Ұқсас жаңалықтар