«Қазақстан мәслихаттары депутаттарының бірлестігі» республикалық қоғамдық бірлестігінің 2015 жылдың 10 қыркүйектегі шешімімен облысымыздың бірқатар азаматтары «Құрметті депутат» төсбелгісімен марапатталды. Олардың қатарында Жуалы ауданының Құрметті азаматы, еңбек ардагері Естемес Аманбеков, еңбек ардагері Арқабек Төлебаев, Талас аудандық мәслихатының хатшысы Жұмабек Асемов және Қордай аудандық мәслихатының депутаты Чува Айдыр Суфуровичтер бар. Аталмыш төсбелгіні марапат иелеріне облыстық мәслихат хатшысы Бағлан Қарашолақов тапсырды.
– Сіздер бұл марапатқа әбден лайықсыздар. Мұны көпжылғы жемісті еңбектеріңіздің нәтижесі деп біліңіздер. Депутат – билік пен халық арасындағы алтын көпір. Оның артында қара орман халық тұр. Елдің сенімін арқалап адал қызмет ету – мәртебелі де мерейлі іс. Сол мерейдің бір қайтарымы осы бүгінгі төсбелгілеріңіз деп ұққайсыздар, – деді Б.Қарашолақов. Бұдан соң аталған төрт азаматтың кеудесіне кезегімен салтанатты түрде төсбелгілер тағылып, қошемет білдірілді. Өз кезегінде марапат иелері де ризашылықтарын жеткізіп, қуанышты әсерлерімен бөлісті. – Қара бастың қамына емес, баршаның игілігі үшін жұмыс жасау – кез-келгенге бұйыра бермейтін бақ. Осы жолда өз шама-шарқымызша ел сенімін ақтауға тырыстық. Әлі де, бұйыртса, «айналама титтей де болса пайдам тисе екен» деген ниетпен тер төгуге тырысамыз, – дейді еңбек ардагері, облыстық мәслихаттың III-IV шақырылымдарының депутаты Арқабек Төлебаев. Осыдан соң марапат иелерімен қонақтар естелік суреттерге түсіп, көңілді тарқасты.
Жанғазы АХМЕТ, «Ақ жол».
Ұқсас жаңалықтар
Халықтық сайлау: тиімділік пен мүмкіндік
- 21 қараша, 2024
Аманат жүгі абыройға бастайды
- 19 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді