Әлемдегі нөмірі бірінші спорт түрі футбол екені анық. Миллиондар көз тіккен сиқырлы ойынның кіл мықтылары соңғы жылдары Роналду-Месси таласынан шаршады. Жеті жыл бойы жылдың үздік футболшысына берілетін мәртебелі марапатты алма-кезек иеленген португалдық пен аргентиналық футболшылар биыл тағы да жүлдеге таласады. Алайда, ағымдағы жылы «Алтын допты» жеңіп алуға «Барселона» футбол клубының тағы бір талантты өкілі Неймар да мүдделі. Иә, статистиканы ашып қарасақ, жылдың үздігіне табысталатын марапатқа 2007 жылы бразилиялық футболшы Кака иелік еткен болатын. Одан кейінгі жеті жыл туралы айтып өттік. Демек, Роналду-Месси арасындағы текетіресте алғаш аты озған бразилиялық футболшының ерлігін тағы бір бразилиялық саңлақ қайталап, қос мықтыны тоқтата ала ма? Месси жарақат алғанда бірнеше тур бойы Луйс Суарес екеуі кезектесіп гол соққан Неймардың ерлігі бағалана ма? Бірден айта кетейік, мадридтік «Реалдың» шабуылшысы Криштиану Роналду өткен маусымда командалық жарыстың бірде-бірінде топ жармаған болса, Лионель Месси мен Неймар өнер көрсететін «Барселона» командасы төрт бірдей сында қанжығалары майланды. Осының өзі «Алтын допқа» таласта Роналдудың артық адам екенін аңғартып тұрса керек
Табиғат АБАИЛДАЕВ, Есет Досалы, «Ақ жол»..
Ұқсас жаңалықтар
Ерте анықтау – аурудың алдын алады
- 4 желтоқсан, 2025
Ұзақ өмір сүргіңіз келсе, жүйкеңді сақта
- 29 қараша, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




