Соңғы 24 жылдың ішінде дүниеге келген елбасы аттастарының ең көбі, яғни 20-сы Алматы облысында. Одан кейінгі орында Оңтүстік Қазақстан облысы. Онда – 19 Нұрсұлтан Назарбаев бар деп хабарлайды КТК арнасы.
Tengrinews.kz интернет басылымының санағына сүйенсек, елбасының 17 аттасы тұратын Маңғыстау облысы – 3-ші орында. Солардың бірі – Қызылтөбе ауылында тұрады. Ата-анасы баласының сабырлы, өжет мінезіне қарап әскери адам болады деп болжап отыр. Ал Атамекен ауылындадағы 11 жастағы Нұрсұлтан Назарбаев болса, болашақта президент болсам деп армандайды.
Ол үшін жақсы оқу керек деген балақай 1 желтоқсанның демалыс екеніне қарамастан, үй тапсырмаларын қайта-қайта қайталап жүр. Ал оның жақындары «Тұңғыш президент күнін» ерекше атап өтеді. Нұрсұлтан Назарбаевты 106 жастағы әжесінің қасына төрге отырғызып, сый-құрмет көрсетеді.
“Маған сабаққа келе жатқанда Нұрсұлтан Назарбаев келді деп айтады. Балалар да, адамдар да келіп жатса, біздің сыныпта президент бар деп мақтайды. Мен өзім сабағымды жақсы оқып, 5-ке бітіріп, Нұрсұлтан Назарбаевтың колледжіне түскім келеді”, – дейді Маңғыстау облысының тұрғыны Нұрсұлтан Назарбаев.
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




