Америкалық компания түсін өзгерте алатын аяқ киім шығармақ
- author «Ақ жол»
- 2 желтоқсан, 2015
- 698
Америкалық Herscu & Goldsilver компаниясы ерекше аяқ киім түрін шығаруды қолға алмақ.
Кіріктірілген майысқақ түрлі-түсті экраны бар аяқ киім спорттық кеды түрінде шығарылатын болады. ShiftWear аяқ киімінің экранын онымен үйлестірілген смартфон қосымшасы арқылы қалаған түске өзгерте аласыз. Бұл, тіпті анимацияланған қозғалмалы бейне болуы мүмкін.
Сондай-ақ электронды қағазға қалаған суретті салып, арнайы сайтта сатуға, өзара айырбастауға болады, деп хабарлайды N+1.
Аяқ киімге кіріктірілетін экран су тисе бүлінбейді. Оның батареясы 1 ай жұмыс жасайды. Қажет болғанда, оны сымсыз құрылғы көмегімен қуаттандыруға болады. Сондай-ақ аяқтың басылу күшімен де қуаттандыра аласыз. Қазір бұл жобаны іске асыру үшін ғаламторда ақша жинау науқаны өтуде, деп жазады newsru.com-ға сілтемемен 24.kz.
Ұқсас жаңалықтар
Жақсы дәрігер атану – қиынның қиыны
- 19 ақпан, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




