«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Дәрігерлер дамуды қолдайды

Дәрігерлер дамуды қолдайды
ашық дереккөз
Дәрігерлер дамуды қолдайды

Елбасымыздың Жолдауын облыстық аурухана ұжымы аталған мекеменің мәжіліс залындағы үлкен экраннан зор ықыласпен тыңдады. Мемлекет басшысының жан-жақты бастамалары, «Мәңгілік Ел» идеясын қалыптастыру жолындағы талапшылдығы, оның ішінде әлеуметтік саланы дамытуға бағыттаған жоспарлары адам жанына араша болып жүрген абзал жандардың көңілінен шықты. 

Елбасы Жолдауы аяқталысымен дәрігерлер Жолдауды талқылауға көшті. Алғашқы болып сөйлеген облыстық аурухана бас дәрігерінің орынбасары Сағындық Ордабеков Мемлекет басшысының қолдауымен соңғы жылдардың өзінде қыруар игі істер жүзеге асқанын айта келіп, жаңа Жолдауды үлкен ықыласпен қабылдағанын жеткізді. С.Ордабеков облысымызда бірнеше денсаулық сақтау нысандары салынғанын, Таразда үш бірдей кардиохирургиялық орталығы бар екенін, нейрохирургиялық орталықтардың да жұмысы жанданып келе жатқанын, еліміздің тұрғындарының орташа өмір сүру деңгейі 65 жастан 73 жасқа көтерілгенін атап өтіп, әріптестерін Елбасы бастамаларын қолдауға шақырды. Сондай-ақ, хирург-дәрігер, облыстық аурухана ардагерлер кеңесінің төрағасы Сабыр Оспанов, мейірбике Сақып Абаева сөз алып, жаңа жарияланған Жолдаудың барлық ақ халатты абзал жандарға күш-жігер сыйлағанын, дәрігерлердің жалақысы 2016 жылдан бастап едәуір жоғарылайтыны үлкен қуаныш екенін ризашылықпен айтты. Жиында облыстық аурухананың «Нұр Отан» бастауыш партия ұйымының төрайымы Гүлнар Төребекова қорытындылап, барлық әріптестерін Елбасы Жолдауынан туындаған міндеттерді бірлесіп жүзеге асыруға шақырды.

Есет Досалы, «Ақ жол». Тараз қаласы.

Ұқсас жаңалықтар