7 жасар қазақстандық гений ментальды арифметика бойынша әлемдік жарыста жеңімпаз атанды
- author «Ақ жол»
- 30 қараша, 2015
- 282
7 жасар қазақстандық Азамат Нұқаев ментальды арифметика бойынша онлайн-жарыстарда бірінші орынды иеленді.
Жас гений 5000 студентті шаң қаптырған. Олардың ішінде Малайзия мен Австралиядан тәжірибелі қарсыластар болған деп хабарлайды Advance интеллектуалды даму орталығының баспасөз қызметі.
Азамат 69 мың тапсырманы дұрыс шеше алған.
«Бүгінде интеллектуалды және жеке даму мәселесі күн санап маңызды болуда, себебі біз сандық, жедел дәуірде өмір сүреміз. Әлем қарқынды түрде өзгеріп жатыр. Қоғам жаңа форматта ой өрбіте алатын, дамыған сыни көзқарасы бар адамдарға қажеттілкіті сезінуде», – дейді орталық мамандары.
Ментальды арифметика білім беру бағдарламасы ретінде 22 жыл бойы тіршлік етіп келеді. Жүйе ойша калькулятордан жылдам есептеп, балалардың интеллектуалды мүмкіндіктерін дамытуға бағытталған. Әлемнің 56 елінде 5 миллионнан астам бала осы тәсілмен білім алуда.
Ұқсас жаңалықтар
Медицина саласы серпінді дамуда
- 14 қаңтар, 2025
Метапневмовирус қаншалықты қауіпті, облыстағы жағдай қандай?
- 14 қаңтар, 2025
Ақпарат
Таразда ҚАЖ департаменті жыл қорытындысын жасады
- 16 қаңтар, 2025
Жамбыл облысында 49 инвестициялық жоба жүзеге асырылды
- 13 қаңтар, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді