Н.Назарбаев: Нарықта жасанды баға қалыптастыруды доғару керек
- author «Ақ жол»
- 30 қараша, 2015
- 231
Бүгін «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Қазақстан халқына Жолдауын арнайы отырып, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметке баға реттеу саясаты туралы тапсырма берді.
«Бағаны жасанды реттеу түрінде нарықтық ынталарды бұрмалауды қою керек. Біз үнемі осылай істейміз. Үкіметке экономиканың барлық секторында нарықтық баға қалыптастыруға өтуді жалғастыру жұмысын тапсырамын. Бұл өте маңызды жайт. Біз неліктен ауыл шаруашылығына 1,5-2 млрд доллар көлемінде субсидия береміз? Себебі, тауар өндіруші үшін нанның бер келісі дүкенде сатылатын бір келіден қымбатқа түседі. Сондықтан, біз ауыл шаруашылығына осынша субсидия төлеп отырмыз. Бірақ, осы ақшаны сатып алушыға берсек, ал тауар өндіруші нанды өз бағасымен өндіріп, соған сай, бағаға сатқаны дұрыс шығар!? Яғни, дұрыс экономика қалыптастыру керек»,-деген Елбасы нарықтағы бағаны жасанды ұстаудың салдарын баяндады.
«Кеңес одағы кезінде көп жылдар бойы Қазақстанның үкіметін басқару жүйесінде жұмыс істеген мен көктем сайын Мәскеуге барып, Ресейдің Қаржы министрлігінен ауыл шаруашылыққа сол кезде 5-6 млрд рубль, қазіргі ақшамен 5-6 млрд доллар көлемінде ақша сұрайтынмын. Себебін жасы үлкендер жақсы біледі - сол кезде дүкендегі бір бөлке нанның бағасы қанша еді!? 25 тиын болатын. Ал, диқаншы үшін оның бағасы 5 рубль 85 тиынға тең еді. Яғни, дүкендегі бағасы нанның өзіндік құнынан 5 рубль 50 тиынға арзанға сатылатын. Менің айтпағым не, субсидияға беріп жатқан орасан зор қаржыны жалақыны өсіріп, әлеуметтік аз қамтылған азаматтарға берсек, бағаны жасанды реттемей, өз бағасымен сатсақ, өзгеше дамуға қол жеткізер едік. Бірақ, бұл оңай емес. Әрине, біреулерге зияны тиіп кетуі мүмкін. Алайда, біз расымен мұқтаж адамдарды қорғай алатын едік. Ал, өзгелер өз пайдасына өмір сүруі керек. Міне, барлық секторда баға қалыптастыру дегеніміз - осы. Бұны жүзеге асырмасақ, көз алдыңа ыдыраған Кеңес одағының тағдыры елестейді...», - деді Н.Назарбаев.
Ұқсас жаңалықтар
«Салауатты ауыл» қатары көбейіп келеді
- 17 қараша, 2024
Зертханалық диагностика мәселелері зерделенді
- 17 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді