Салт-дәстүрімізді насихаттау, оны болашақ ұрпаққа үлгі ету мақсатында аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімі, «Талас жастар орталығы», «Талас ғұмыры» қоғамдық жастар орталығы мен «Нұр Отан» партиясы «Ақкөл» бастауыш партия ұйымының ұйымдастыруымен, Ақкөл ауылындағы О.Иманалиев атындағы Мәдениет үйінде аудандық «Жас келін – 2015» байқауы өтті. Оған Бостандық ауылдық округі әкімдігінің Талапты ауылынан, Шәкіров ауылдық округінен және Ақкөл ауылдық округінен жас келіндер қатысты. Қатысушылар сайысқа жақсы дайындықпен келгендігі шара барысында көрермен қауымға жақсы сезілді. Сахнада дайындалған киіз үйдің сәніне жас келіндердің қазақы нақышта киген киімдері керемет жарастық тауып тұрды. Ал сайыс барысында көрерменмен сұрақ-жауап кезінде жоғары сынып оқушыларының қазақы салт-дәстүрлерді толық білетіндігі көңілге қуаныш ұялатты. Алты шарттан тұратын жарыстың қорытындысы бойынша Ақкөлдің жас келіні Құндыз Асанова бірінші, Бостандық ауылынан келген Мөлдір Тастанбекова екінші, Шәкіров ауылынан келген Айдана Аман үшінші орынды иеленді. Оларға ұйымдастырушылар тарапынан бағалы сыйлықтар мен дипломдар табыс етілді.
Талап Байжиенов, «Нұр Отан» партиясы «Ақкөл» бастауыш партия ұйымының төрағасы.
Ақкөл ауылы, Талас ауданы.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді