«Сіздер ертең мені облыс әкімі болады деп қорықпайсыздар ма?!.»
- author «Ақ жол»
- 30 қараша, 2015
- 306
Тайчибековтің ісі қаралып жатқан сот отырысына шымкенттік сарапшы Нілжан Жүнісова қатысты. Ол да өткен сот отырысында куәлік берген сарапшы секілді соттық сараптау қорытындыларында көрсетілгендей, блогердің әлеуметтік желілерде жарияланған мәтіндерінен әлеуметтік, ұлттық алауыздықты қоздыру белгілері бар екенін айғақтады. Дегенмен, айыпталушының да айтары бар екен.
Оның ең бірінші айтқаны оқшаулау изоляторының жайсыздығы болды. Сонымен қатар, ол өзінің үстінен сот ісінің қозғалуына негіз болған арыз иесі Ботагөз Исаеваның ақыл-есінің дұрыстығын тексеру керек деген талап-арызын да түсірді. Өз мақалаларына соттық сараптама жүргізудің не үшін қажет болғанын, әлі күнге қандай кінәсі барын түсіне алмай отырғанын да айтып, шағымданды. Тіпті, қызды-қыздымен судья Қайрат Белгішевке сенімсіздік (отвод) білдіріп, талап-арыз берді. Осыдан кейін үзіліс жарияланып, сот отырысы судья Әлібек Байтерековтің төрағалығымен жалғасты. Е. Тайчибековтің судьяға сенімсіздік білдірген талап-арызы қайта тыңдалды. Онда сотқа төрағалық етуші Қ. Белгішев 17 қарашада өткен сот отырысында айыпталушыға, оның куәгері мен адвокатына қатысты іске мүдделілік танытқан әрекеттерге жол берген делінген. Сондықтан, айыпталушы бұл судьядан бас тартып, істі басқа судьяның немесе алқабилер сотының қарауына беруді сұрады. Бірақ, аудандық сот төрағасының қаулысымен бұл талап-арыз да қабылданбады. Айтпақшы, айыпталушы Тайчибеков бұл жолы облыстық «Ақ жол» газетіне де қатысты хат түсірді. «Жиырма мыңдық таралыммен облыстық газет өткен жылдан бері менің ар-ожданым мен имиджіме нұқсан келтіретін бірнеше көлемді мақалалар жариялаған. Сіздер ертең мені облыс әкімі болады деп қорықпайсыздар ма?!.» деп басталатын хатты сот іске тіркеуден бас тартып, редакция басшылығына жіберуді ұсынды. Ендігі сот отырысында соңғы, үшінші сарапшының куәлігі тыңдалады. Кезекті сот отырысы 30 қарашаға белгіленді.
Құрманбек Әлімжан, «Ақ жол».
Қордай ауданы.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді