Ауыл болып жұмылудың нәтижесінде «Шопан ата» мешіті ашылды
Биназар батырдың інісі Көкжелек палуанның есімі берілген шағын ауылда «Шопан ата» мешіті жамағатқа есігін айқара ашты. Ата-бабамыздан мұра болып келе жатқан дәстүрлі дінімізді өркендетіп, халқымыздың, еліміздің келешегі – жастардың санасына дінге деген тазалықты ұялататын имандылық іске 1976 жылы туған ауыл азаматтары, мектептің 20 жыл бұрынғы түлектері ұйытқы болды. Әуелі тәп-тәуір басталған имандылық үйінің құрылысы бірте-бірте кешеуілдей береді. Себебі, құрылыс материалдары күн санап қымбаттап жатты. Құрылысты кейін ауыл халқы жұмылып қолға алды. Енді көкжелектіктер 100 адам еркін кіріп шығатын әдемі де сәулетті мешіттің ішінде Аллаға құлшылық жасайды. Жуырда «Шопан ата» мешіті салтанатты түрде ашылды. Оған Тараз қаласындағы Һибатулла Тарази мешітінің найб имамы Е.Аманов қатысып, жаңа мешітке жамағат болып намазға келушілердің қатары көбейіп, асқақ дініміз Исламның мәртебесі өсіп, мешіттің соғылуына жәрдемдескен ауыл тұрғындарына «Алла разы болсын!» деген тілегін білдірді. Жиналған жамағатты сәулетті мешіттің ашылуымен құттықтаған Шопан ата немерелері ілмелі теледидар мен шаңсорғыш сыйға тартты. Ауыл халқы жақсы іске бастамашы болған ауылдың 1976 жылы туылған азаматтарына алғысын айтып, ақсақалдар ақ батасын берді.
Талғат САРЫБАЕВ, журналист.
Мойынқұм ауданы.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




