Қазақстандық ғалым 25 жылға бір-ақ жасартатын білезік ойлап тапты
- author «Ақ жол»
- 30 қараша, 2015
- 628
Алматылық физиолог Төрағали Батырханұлы жасартатын электрондық білезік жасап шығарды, деп хабарлады МИР 24.
Ғалымның айтуынша, оның көмегімен 25 жылға жасаруға болады.
Батырханұлы өзінің электрондық (магниттік) білезігімен және арнайы компьютерлік бағдарлама көмегімен сеанс жүргізеді.
«Адамда 30 секунд ішінде оң гормондар бөліне бастауы тиіс. Егер 30 секундтан кешіксе, улы гормондар бөлінеді. Бұл аспап ағзаны (қажетті үдеріске) айқындап, баптайды. Сол кезде адамда жасару үдерісі пайда болып, көңіл күйі көтеріледі», – деді физиолог.
Құрылғы жұмысы қарапайым: физикалық жүктеме кезінде ғажайып білезік «қуаныш гормондары» серотонин және эндрофин өңдеуге ықпал етеді.
Төреғали өзінің бұл құрылғысын 10 жыл жетілдірген. Тіпті патент те алған. Алғашқы пациенттер бірнеше рәсімнен кейін бойдан ауыр күйзелістің де кететінін байқаған.
Ғажайып білезіктің көмегімен жасару сеанстарын әзірге Төреғалидың таныстары ғана алуда. Алайда автор өз туындысының уақыт өте келе эстетикалық медицинада ерекше орны болатынына сенімді.
Ұқсас жаңалықтар
Қызылшамен сырқаттану деңгейі 1,4 есеге азайды
- 20 қаңтар, 2026
Халықтың саулығы бәрінен маңызды
- 19 қаңтар, 2026
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




