Тараздық жүргізуші жантүршігерлік апаттан аман қалды
Тараз тұрғыны көлігімен қаланың орталық көшесімен қатты жылдамдықпен жүйткіген бойда, жол жиегіндегі бірнеше көлікті соққан. Құдай сақтағанда ажал құшқандары жоқ деп хабарлайды КТК арнасы.
Ал оқиғаға себепкер болған азамат жеңіл жарақат алыпты.
Көлік бірден өртеніп кетті. Жақын маңдағы түнгі клубтан шыққан бір топ жігіт жүргізушіні салоннан әзер шығарған. Ал лапылдап жанған машинаны мамандар келіп сөндірді.
Көліктердің бірінің үстіне бірі шығып кетуіне қарағанда соққы жойқын болса керек. Апатқа кінәлі азаматтың ішімдік ішпегені анықталды. Болжам бойынша, ол көлігінің дөңгелегі жарылып, рөлге ие бола алмай қалған.
Ұқсас жаңалықтар
Қызылшамен сырқаттану деңгейі 1,4 есеге азайды
- 20 қаңтар, 2026
Халықтың саулығы бәрінен маңызды
- 19 қаңтар, 2026
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




