Қазақстан халқы Ассамблеясы жанынан Меценаттар клубын ашу жоспарлануда - З. Балиева
- author «Ақ жол»
- 26 қараша, 2015
- 322
Қайырымдылықпен айналысатын барлық компаниялар мен меценаттардың жұмысын реттеу мақсатында Қазақстан халқы Ассамблеясы жанынан Меценаттар клубын ашу жоспарлануда. Бұл туралы бүгін Астанада қайырымдылық мәселелеріне арналған жиында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Зағипа Балиева мәлім етті.
Оның айтуынша, биыл қарашада қабылданған «Қайырымдылық туралы» заң бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясының бұл саладағы рөлі едәуір артпақ.
«Бүгінде Қазақстанда қайырымдылық қаражаттарына білім беру ошақтары, балабақшалар, спорттық алаңдар мен демалыс орындары салынуда, төмен жағдайлы отбасылардың балаларына қолдау көрсетіледі. Сонымен қатар медицина мекемелері бой көтеріліп, медициналық және спорттық жабдықтар сатып алынуда, талантты балаларды қолдауға гранттар бөлініп жатыр. Білім беру саласына келетін болсақ, соңғы үш жылда Қазақстан меценаттары 40 млрд. теңгеден астам қаражат бөлген», - деді ол.
Депутаттың атап көрсеткеніндей, қазіргі уақытта Қазақстанда меценаттық, қайырымдылық және ерікті қызметке халқымыздың едәуір бөлігі үлестерін қосуға тырысып келеді.
«Қайырымдылық жобалардың ауқымы да өсіп отыр. Он жылда Қазақстанда қайырымдылық көлемі 60 пайызға жоғарылаған. Егер меценаттық іспен тек 50 жастан асқан кісілер айналысып келген болса, қазір 30 жастан жоғары орта табысты адамдар да кіріп отыр. Елімізде қайырымдылықтың деңгейі өскенімен, елдегі әлеуметтік саланың қарқынды дамуы біздің алдымызға жаңа мақсат-міндеттерді қойып отыр және онымен біз тек ортақтаса отырып, шеше аламыз. Осыған байланысты, Қазақстан халқы Ассамблеясының жанынан Меценаттар клубын құру қисынды болар еді деп есептейміз. Ол қайырымдылық қорлар мен меценаттардың қызметін бір арнаға тоғыстырып, жүйелі етуге өз ықпалын жасайды», - деді З.Балиева.
Ұқсас жаңалықтар
Медицина саласы серпінді дамуда
- 14 қаңтар, 2025
Метапневмовирус қаншалықты қауіпті, облыстағы жағдай қандай?
- 14 қаңтар, 2025
Ақпарат
Таразда ҚАЖ департаменті жыл қорытындысын жасады
- 16 қаңтар, 2025
Жамбыл облысында 49 инвестициялық жоба жүзеге асырылды
- 13 қаңтар, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді