жазушы, «ҚазАқпарат» баспа корпорациясының президенті.[/caption]
Қазақ хандығының 550 жылдық тойы тарихи қала – Таразда тағылымды шараларға толы болды. Той барысында екі мың жылдан аса өткені бар шаһар шырайлана түсіп, шадыман күйге бөленгенінің куәсі болып қайттық. Өзінің сән-салтанатымен баршаның жүрегін баурап алған тойдың әсері жадымызда әлі күнгі жаңғырып тұр. Керей мен Жәнібек сұлтандар Қазақ хандығының негізін қалаған өңірді көруге еліміздің барлық аймақтары мен алыс-жақын шетелдерден ат арытып келген мыңдаған қонақтар да сондай сезімді бастан кешіргені сөзсіз.
Тарихи тойдың тағылымды болуына жамбыл жұртшылығы өте ықтиятты дайындалғанын байқамау мүмкін емес. Оның ішінде облыс басшылығының және тараздықтардың талмай еткен еңбегінің нәтижесі елеуге тұрарлықтай. Әсіресе, мерекенің мәнін арттыра түскен қаланың батыс жақ шетінде салынған «Қазақ хандығы» монументі көпшіліктің қызығушылығын тудырды. Бұл нысанның архитектуралық негізгі ерекшелігі – Керей мен Жәнібек ханның тақта отырған сәтінің бейнеленуі десек артық айтқандық емес. Монументтің ашылу салтанатына Елбасымыздың өзі қатысып, оң бағасын бергені де осы сөзіміздің айғағы. Сондай-ақ, «Көне Тараз» тарихи-мәдени кешені де хандық тойының басты тартуы болды. Көне шаһардың тарихынан сыр шертетін бұл саябақтың құрамына ашық аспан асты мұражайы, «Достық үйі», Мыңбұлақ саябағы және Шолу мұнарасы секілді ғажайып ғимараттар мен орындар кіреді. Жалпы аумағы 9,4 гектарды құрайтын бұл археологиялық саябақ Тараздың тарихын ұлттық құндылыққа айналдырып, туризм индустриясын халықаралық деңгейде дамытуға мүмкіндік туғызады. Қайта жөндеуден өткен көше бойлары да, жаңартылған көпірлер көркі де көз тартады. Бәрі-бәрі біздің көңілімізге рухани серпіліс беріп, санамызға сергектік сыйлады. Тарихи болмысы қайта жаңғырған Тараздың тамашасы дәйім тарқамаса екен. Өйткені, ол Елбасымыз айтқандай, тарихымыздың алтын діңгегі ғой. Айта берсек, өткенімізге ізет, бүгінгі ұрпаққа зор тағылым болған тойдың ғибратын айтып тауыса алмаспыз. Бүгінгідей әлемдегі дағдарыстар мен қақтығыстардың белең алып жатқандығына қарамастан, тәуелсіз мемлекетіміздің өз тарихын түгендеп, ел мерейін асыратындай дүбірлі той өткізуіміз – рухы мықты халық екенімізді төрткүл әлемге тағы бір паш еткендей болды. алматы.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді