«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

«Інжудің» іргесі кеңейді

«Інжудің» іргесі кеңейді
ашық дереккөз
«Інжудің» іргесі кеңейді

Осыдан екі жыл бұрын ашылған Бәйтерек ауданындағы «Інжу» балабақша мектеп-гимназиясы осыған дейін бүлдіршіндерді тәрбиелеумен қатар тек 1-2 сынып оқушыларына білім беріп келсе, ендігі жерде 11 сыныпқа дейін бала оқытуға толық мүмкіндік алды. Бір жақсысы, аталмыш балабақшада тәрбиеленіп, есейген балалар алысқа бармай-ақ, екінші сыныптан кейін жаңадан ашылған мектепте білімін жетілдіретін болады. 400-ге жуық оқушыны білім нәрімен сусындатып жатқан ғимараттың ашылу салтанатына облыс әкімінің орынбасары Ерқанат Манжуов қатысты. Жаңа нысанның кермесін қиған Е.Манжуов оның ішін аралап, оң бағасын берді. Мектептің заман талабына сай жабдықталғаны тайға таңба басқандай көрініп тұр. Әр пән бойынша он интерактивті тақта орнатылып, асхана, бассейн, тұзды бөлме, спорт залмен қамтылған білім ордасында әзірге 3,4,5 сынып оқушылары оқып жатқан жайы бар екен. «Мектепте 35 мұғалім дәріс береді. Мұнда шахмат, өлкетану, домбыра, ағылшын тілі секілді қосымша 16 үйірме жұмыс істеуде. Келесі жылы 6-шы сынып ашылса, одан кейін 7-ші сынып ашылып, балалар есейген сайын сынып саны да артып, келешекте он бірге жетпек. Оқушылар асханадан тегін тамақтанып, таңертеңгі сағат 9-дан, 6-ға дейін осында болады. Сағат кешкі 6-дан кейін қалып қойған балаларды мекен-жайы бойынша үйді-үйге арнайы автобуспен жеткіземіз. Бұл жекеменшіктегі мекеме болған соң, ата-аналар әр бала үшін айына 49 мың теңге төлейді», – деді «Інжу» балабақша мектеп-гимназиясының директоры Гүлмира Қуатбек.

Нұрым Сырғабаев,  «Ақ жол».

Ұқсас жаңалықтар