Түркия президенті Реджеп Тайып Ердоған түрік әскерилерінің ресейлік Су-24 әскери ұшағын атып түсіргенін растады.
Ресейдің Қорғаныс министрлігі ұшақтың тек қана Сирия аумағында ұшқанын айтып отыр. Алайда, Анкара Су-24 ұшағының Түркия аумағына өтіп кеткенін мәлімдеді.
Ұшақ Сирияның Латакия провинциясына құлаған. Бұдан бұрын Түркия тарапы Сирияға жасалған операция барысында ресейлік ұшақтардың әуе кеңістігі шекарасын бұзып жатқанына байланысты Ресейге ескерту жасаған.
Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков ресейлік ұшақтың құлау себебі әлі нақты анықталмағанын айтты.
«Біз ұшақтың құлауына байланысты Қорғаныс министрлігінен қандай да бір нақты себеп естіген жоқпыз», – деді Песков. Бұл туралы Lenta.ru хабарлайды.
Ресей президенті бұл мәселені Сочиде Йордания королімен өтетін кездесуде қозғайды деп күтілуде.
Еске сала кетейік, бүгін Түркия ресейлік әскери ұшақты әуе кеңістігінің шекарасын бұзғаны үшін атып түсірген болатын.
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




