Елбасы қазақстандықтарды отандық тауарды сатып алуға шақырды
- author «Ақ жол»
- 24 қараша, 2015
- 210
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазжеңілөнеркәсіп - Алматы» ЖШС-да болды. Нысанды аралау барысында кәсіпорын қызметімен және оның өндірістік цехы жұмысымен танысты, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметінен.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысы қаладағы жеңіл өнеркәсіптің ірі және орташа кәсіпорындары өнімдерінің көрмесін аралап көрді. Нұрсұлтан Назарбаев кәсіпорын ұжымымен әңгіме барысында отандық өндірушілерді халықтың қолдауы маңызды екенін айтып өтті. Барша қазақстандықтарға өзіміздің отандық тауарларды, соның ішінде «Мade in Kazakhstan» белгісі бар аяқ киімдер мен костюмдерді сатып алу қажеттігін айтқым келеді. Егер жеңіл өнеркәсіп ілгері басатын болса, сала кәсіпорындарында жұмыс істейтіндер еңбекақы алып, мемлекетке салық төлейді. Бұл бәріне тиімді - бюджетке түсім түседі, елде өзіміздің өндірген тауарларымыз пайда болады. Бұл орайда өнім сапасын ұдайы жетілдіріп отырған жөн, - деді Қазақстан Президенті. *** «Қазжеңілөнеркәсіп - Алматы» ЖШС - аяқ киім мен киім, соның ішінде әскерилер мен күштік құрылымдарына арналған киімдер шығаратын ірі өнеркәсіптік кәсіпорын. Фабрика жұмыс істей бастаған 2011 жылдан бері жұмысшыларының саны 15 есеге артты. Қазіргі кезде кәсіпорынның өндірістік қуаты жылына 1,5 миллион тігін өнімдері мен 400 жұп аяқ киім шығаруға жетеді. Шығарылатын өнім түгелдей СТ-KZ сертификатын иеленген, мұндағы қазақстандық қамту үлесі 50-75 пайыз болады. Соңғы екі жылда өндіріс көлемі 6,8 есеге ұлғайып, 393 миллион теңгеден 2,7 миллиард теңгеге жетті.
Ұқсас жаңалықтар
«Салауатты ауыл» қатары көбейіп келеді
- 17 қараша, 2024
Зертханалық диагностика мәселелері зерделенді
- 17 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді