Қазақстандағы жаңа кадрлық тағайындаулар
Осы аптада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Өкімімен Қазақстан Президентінің "Байқоңыр" кешеніндегі арнаулы өкілі тағайындалды.
Сондай-ақ, өңірлерде де бірқатар кадрлық-ауыс түйіс орын алып, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының Оңтүстік Қазақстан облыстық аймақтық филиалының жаңа басшысы қызметіне кірісті. ҚазАқпарат апта ішінде орын алған осы және өзге де тағайындауларға шолу жасайды. Сонымен, Мемлекет басшысының Өкімімен Серік Қожаниязов Қазақстан Республикасы Президентінің "Байқоңыр" кешеніндегі арнаулы өкілі қызметіне тағайындалды. Сонымен қатар ол Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаевтың бұйрығымен өңір басшысының орынбасары қызметіне де кірісті. Сондай-ақ, осы облыста Жалағаш пен Шиелі аудандарының жаңа әкімдері тағайындалды. Ендігі уақытта Жалағаш ауданын Талғат Дүйсебаев басқарады. Ал, Шиелі өңірін басқару тізгінін қолға алған Қайратбек Сәрсенбаев. Осы аптада ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімімен Ақмола облысының әкімі Қосман Айтмұхаметовтің өкімімен Талғат Бөлтенов облыс әкімі аппаратының басшысы болып тағайындалды. Павлодар облысында да кадрлық өзгеріс орын алды. Атап айтқанда, өңір басшысы Қанат Бозымбаевтың бұйрығымен Олжас Шарапиденов облыстық қаржы басқармасының басшысы болып тағайындалды. ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Гүлмира Исаева "ҚазАгроИнновация" АҚ ұжымына жаңа басқарма төрағасын - Сатыбалдин Әзімхан Әбілқайырұлын таныстырды. Осыған дейін Әзімхан Әбілқайырұлы ҚАИ АҚ Басқарма Төрағасы міндетін уақытша атқарушысының орынбасары болған. Апта ішіндегі соңғы тағайындау, Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы төрағасының бірінші орынбасары Талғат Мамашевтің бұйрығымен Төлтебай Жарқынбек қауымдастықтың Оңтүстік Қазақстан облысындағы филиал басшысы болып тағайындалды.Ақпарат көзі: www.nur.kz
Ұқсас жаңалықтар
Серіктестікке серпін берген сапарлар
- 23 қараша, 2024
Халықтық сайлау: тиімділік пен мүмкіндік
- 21 қараша, 2024
Ақпарат
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді