Айырбас бағамының күрт және тұрақсыздыққа әкелетін өзгерістеріне жол берілмейді - ҰБ
- author «Ақ жол»
- 24 қараша, 2015
- 516
Айырбас бағамының күрт және тұрақсыздыққа әкелетін өзгерістеріне жол берілмейді. Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында ҚР Ұлттық Банкінің төрағасы Данияр Ақышев осылай мәлім етті. Еске сала кетейік, жалпы отырыста «2015-2017 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы талқыланған болатын.
«Қазіргі уақытта валюта нарығындағы ахуал тұрақты. Ұлттық банк валюта нарығына қатысуын барынша азайтты. Валюта нарығында қалыптасқан баланс Қазақстан экономикасына әсер ететін іргелі факторларға сәйкес келеді. Бұлар: мұнайдың әлемдік бағасы, ресей рублінің бағамы, Ресей және Қытай экономикаларындағы ахуал, әлемдік валюталар бағамдарының анықтамасы», - деді ҰБ Төрағасы.
Оның айтуынша, бұдан әрі де аталған іргелі факторлар ескерілетін болады. «Сонымен қатар, ҰБ айырбас бағамының күрт және тұрақсыздыққа әкелетін өзгерістеріне жол бермейтін болады», - деді бас банкир.
Ұқсас жаңалықтар
Ерте анықтау – аурудың алдын алады
- 4 желтоқсан, 2025
Ұзақ өмір сүргіңіз келсе, жүйкеңді сақта
- 29 қараша, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




