Жұмыспен қамтудың жол картасына бөлінген қаражатты пайдалануда көптеген бұзушылықтар бар - Д.Назарбаева
- author «Ақ жол»
- 23 қараша, 2015
- 469
Халықты жұмыспен қамту мәселелерін шешу жергілікті атқарушы органдардың күн тәртібінде бірінші орында тұруы тиіс, деп мәлімдеді ҚР Үкіметінің селекторлық отырысында вице-премьер Дариға Назарбаева.
Бұл туралы primeminister.kz хабарлайды.
«Халықты жұмыспен қамту мәселесіне баса назар аудару қажет, ол қазіргі экономикалық жағдайда қысымға тап болады. Сондықтан бұл орайда мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдардың бірлесіп, ұйымдасқан нақты қызметі қажет», - деді Д.Назарбаева.
Д.Назарбаеваның айтуынша, Қазақстан өңірлерінде дағдарысқа қарсы штабтар және үш жақты комиссиялар бар, олар аталған мәселе бойынша нақты жұмыс жасаулары аса маңызды.
Вице-премьер өңірлерде Жұмыспен қамтудың жол картасын жүзеге асыруға бөлінген бюджет қаражатын пайдаланудағы көптеген бұзушылықтар мәселесін көтерді.
«Бас прокуратура мәліметінше, тәртіп бұзушылық көбейгені анықталды. Бұл ұрлық-қарлық мәселесі, демек жергілікті орган қызметкерлері жұмысты тыңғылықты бітіріп отырған жоқ. Сондықтан, жергілікті атқарушы органдар жауапкершілікті мемлекеттік органдарға жүктеп отырулары тиіс. Облыстарда 7 мемлекеттік бағдарлама жүзеге асырылуда, ол жобаларға бағытталатын қаржы да жергілікті атқарушы орган құзырында», - деп түйіндеді Д.Назарбаева ҚР Премьер-Министрі К.Мәсімовке қарата сөйлеген сөзінде.
Ұқсас жаңалықтар
Ерте анықтау – аурудың алдын алады
- 4 желтоқсан, 2025
Ұзақ өмір сүргіңіз келсе, жүйкеңді сақта
- 29 қараша, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




