Негізсіз баға өсіміне жол бермеу мәселесі ұдайы бақылауда тұр - Е. Досаев
- author «Ақ жол»
- 23 қараша, 2015
- 178
Негізсіз баға өсіміне жол бермеу мәселесі ұдайы бақылауда тұр. Бұл туралы бүгін Премьер-Министр Кәрім Мәсімовтің жетекшілігімен өткен Үкімет отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев мәлім етті.
Келтірілген ақпараттарға қарағанда, 2015 жылдың 24 қазанындағы жағдай бойынша тұрақтандыру қорындағы азық-түлік тауарларының қоры 42,3 мың тоннаны құрайды. Оның ішінде картоп - 16,5 мың тонна, 1 сұрыпты ұн - 9,4 мың тонна, қант - 3,7 мың тонна, пияз - 5,3 мың тонна, күріш - 2,5 мың тонна, өсімдік майы - 1,6 мың тоннаны құрайды.
«Әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарлар қорлары Оңтүстік Қазақстан облысында жалпы қордың 21,1 пайызын, Қызылорда облысы - 14,5 пайызын, Батыс Қазақстан облысында тұрақтандыру қорларының 13,1 пайызын құрайды. Бұл көрсеткіш Жамбыл, Шығыс Қазақстан облысында 7 - 5 пайыз аралығында, ал Алматы қаласында 2,4 мың тоннаны құрайды», - деді министр.
Оның айтуынша, ағымдағы жылы ауыл шаруашылығы тауарларын тұтынушыларға тікелей сатуды қамтамасыз ету үшін әкімдіктер 3890 ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерін өткізген, онда нарықтық бағадан 10-15 пайызға төмен деңгейде жалпы сомасы 9,8 млрд. теңгеге азық-түлік тауарлары сатылған. Бұдан бөлек, азық-түлік нарығында баға жағдайын тұрақтандыру бойынша 9703 меморандумға қол қойылған, бұған дейін қабылданған меморандумды орындау бойынша да мониторинг жүзеге асырылуда.
«Жанар-жағармай, азық-түлік, дәрі-дәрмек бағасының көтерілуіне байланысты монополияға қарсы ден қою шаралары аясында, 75 зерттеу жасалды. 20 қарашадағы жағдай бойынша 14 зерттеу аяқталып, Алматы, Ақмола, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Батыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда облыстары бойынша 104 субъектіге қатысты тергеу аяқталды. Олардың ішінде бөлшек саудадағы ірі жанармай сатушылары да бар. Бұл ретте заңсыз пайда табу бойынша салынған жалпы айыппұл сомасы 220 млн. теңгеден асады. Осылайша, негізсіз баға өсіміне жол бермеу жөніндегі жұмыстар жалғасуды және бұл ұдайы бақылауда тұр», - деді Е. Досаев.
Ұқсас жаңалықтар
«Салауатты ауыл» қатары көбейіп келеді
- 17 қараша, 2024
Зертханалық диагностика мәселелері зерделенді
- 17 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді