Денсаулық
2014-2015 жылдары қазақстандықтар Ресейден 3 млрд. теңгеге автокөлік сатып алды
- author «Ақ жол»
- 23 қараша, 2015
- 586
2014-2015 жылдары қазақстандықтар Ресейден 3 млрд. теңгеге автокөлік сатып алды
Ресей рублі бағамының күрт төмендеуінен қазақстандық автокөлік өндірісі едәуір жапа шекті. Бұл туралы бүгін Орталық сайлау коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслиxатында "ҚазАвтоӨнеркәсіп" ЗТБ директорлар кеңесінің төрағасы Дәулет Бақберген мәлім етті."Импортқа келетін болсақ, бұл қазіргі уақытта салалық деңгейден шығып кеткен мәселе. Былтыр және биыл қазақстандықтар сырттан 3 млрд. теңгеге автокөлік сатып алды. Теңге-доллар бағамының қысымын айтып отырмыз. Осының барлығы салаға қатты әсер етті", - дейді ол.
Оның айтуынша, рубльдің құнсыздануы және қазақстандықтардың Ресейден көліктерді жанталаса сатып алуы, отандық көлік өндірісіне қатты нұқсан келтірді.
"Біздің көліктердің өтуі туралы. Сіздер білесіздер, бізде 50 пайыз локализация жоқ. Бірақ 30 пайыздық локализация бар. Біз енді осы қысымды төмендете бермекпіз. Сондықтан нарықты қорғау біздің мүддемізге сай келеді. Ол өз кезегінде Ұлттық банктің және Үкіметтің АҚШ долларына тәуелділікті төмендету бағытындағы жұмысына көмектесер еді", - деп атап өтті ол. Ұқсас жаңалықтар
Қызылшамен сырқаттану деңгейі 1,4 есеге азайды
- 20 қаңтар, 2026
Халықтың саулығы бәрінен маңызды
- 19 қаңтар, 2026
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




