әлеуметтік нысандар құрылысы кестеге сай жүргізілуде
«Нұр Отан» партиясы Орталық аппараты ұйымдастыру-бақылау жұмысы департаментінің инспекторы Марат Акпаров облысымызға іс-сапармен келіп, «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында Тараз қаласында салынып жатқан нысандарды аралады. Құрылыс нысандарының жұмыстарымен партияның облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Масат Берік таныстырды.
Алдымен Құмшағал бекетіндегі 300 орындық орта мектеп құрылысымен танысқан Марат Акпаров, мердігер компания басшысымен кездесті. «20 маусымда басталған нысанның құрылыс жұмыстарының 80 пайызға жуығы еңсерілді. Мұнда 120 адам жұмыс істеуде. Бұл нысанға республикалық бюджеттен 450 000 000 теңге, облыстық бюджеттен 50 000 000 теңге бөлініп отыр. Жаңа мектеп келесі жылы тамыз айында пайдалануға беріледі», – дейді мердігер, «Ник-Тараз» ЖШС-ның директоры Сәбит Шоқатаев. М. Акпаров бастаған топ «Арай» тұрғын алқабындағы 65 пәтерлік 2 тұрғын үйдің құрылыс жұмыстарымен танысты. «Комстроймонтаж» және «Бином» ЖШС қолға алған құрылыс бітуге таяу қалыпты. Былтыр қарашада құрылысы басталған бұл нысан Тәуелсіздік күні қарсаңында пайдалануға берілмекші. Ал «Салтанат» мөлтек ауданындағы 280 орындық балабақшаның іргесі мамыр айында қаланыпты. №37 «а» мекен-жайындағы ескі ғимаратты бұзып, жаңадан салынып жатқан бұл нысанның мердігері – «ТаразҚұрылысИнвест» ЖШС екен. Ғимарат келесі жылы тамыз айында пайдалануға берілмек. Құрылыс орындарын аралап, ондағы жұмыстың атқарылу барысымен танысып шыққан «Нұр Отан» партиясы Орталық аппараты ұйымдастыру-бақылау жұмысы департаментінің инспекторы М. Акпаров «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында салынып жатқан нысандардың көңілінен шығатындығын мәлімдеді.
Наурызбек САРША, «Ақ жол».
Ұқсас жаңалықтар
Халықтық сайлау: тиімділік пен мүмкіндік
- 21 қараша, 2024
Аманат жүгі абыройға бастайды
- 19 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді