Тараз тұрғындары «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша алғаш рет пәтерлі болды
Бұл – тараздықтардың көптен күткен қуанышы. Көп жылдан бері құрылысы тоқтап тұрған «Атшабар» тұрғын үй кешені кешеніндегі 42 пәтер пайдалануға беріліп, «Бәйтерек» холдингі, «Қазақстан ипотекалық компаниясы» Ипотекалық ұйымы» АҚ өкілдерінің қатысуымен пәтер иелеріне кілт тапсыру салтанатты іс-шарасы өтті. 42 отбасы жаңа пәтерге ие болды. Пәтер кілтін тапсыру салтанатында сөз сөйлеген облыс әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Орынбеков бұл «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша беріліп жатқан алғашқы пәтерлер екенін, алдағы уақытта аталмыш бағдарлама бойынша қаладағы көптеген тұрғын үйлер пайдалануға берілетінін жеткізді.
«Елбасымыздың сарабдал саясатының, халыққа деген қамқорлығының арқасында бірқатар мемлекеттік бағдарламалар қабылданып, өз жемістерін беруде. Осындай бағдарламаның бірі – «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы. Аталған бағдарламаның арқасында көп жылдан бері құрылысы тоқтап тұрған «Атшабар» тұрғын үй кешенінде құрылыс жұмыстары қайта жанданып, тұрғындар пәтерлі болуда. Бүгін баспаналы болып отырған отбасылардың қуаныштарымен шын жүректен құттықтаймын. Облыс орталығында «Бәйтерек», «Арай», «Маяковский» көшелеріндегі тұрғын үйлердің құрылысы аяқталып, таяу күндері пайдалануға берілмекші. Жақында «Арай» шағын ауданында 280 орындық балабақша ашылады», – деді Бекболат Серікбекұлы. «Атшабар» тұрғын үй кешенінің құрылысын «Қазақстан ипотекалық компаниясы» Ипотекалық ұйымы» АҚ-ы жүргізген. Бағдарлама негізінде мемлекет әлеуметтік жалдамалы баспана салып, оны тұрғындарға сатып алу құқын бере отырып, ұзақ мерзімді жалға ұсынады. Пәтер иелері тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтар. Бағдарлама бойынша құжат тапсырғандардың саны 100 болса, оның 22-сі – банктің төлем қабілеті растауын алғандар. Инфрақұрылымдық жобаларды дамыту департаментінің директоры Қанат Ибраев «Бәйтерек» холдингінің мұрындық болуымен республикада тұрғын үй мәселесі шешімін тауып жатқанын айтады. «Бәйтерек» холдингі қазірдің өзінде үлкен жұмыс атқарды. Биыл наурыз айынан бастап, әлеуметтік жалдамалы тұрғын үй бағдарламасы бойынша Қазақстан бойынша 4 мың пәтер пайдалануға берілді, тағы да 3 мың пәтердің кілті жыл аяғына дейін тапсырылатын болады», – деді ол. Жалпы, «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 22 мамырдағы Жарлығына сәйкес құрылған болатын. Холдинг ұлттық экономиканы дамыту мен әртараптандыру, инвестицияларды тарту, кластерлерді дамыту және оның еншілес ұйымдарында корпоративтік басқару жүйесін жетілдіру мақсатында құрылған. Тұтастай алғанда, «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасын» іске асыру шеңберінде «Бәйтерек» холдингі 400 мың шаршы метр тұрғын үйді сатып алуды және құрылысын салуды жоспарлап отыр. Бұл қадам бүкіл Қазақстан бойынша әлеуметтік тұрғын үймен 7000 отбасын қамтамасыз ету үшін жасалмақ.
Наурызбек САРША, «Ақ жол».
Суретті түсірген Ақәділ Рысмахан.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді