«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Төрт ауылға су жеткізіледі

Төрт ауылға  су жеткізіледі
ашық дереккөз
Төрт ауылға су жеткізіледі
Елімізде Елбасының тапсырмасымен қабылданған «Ақбұлақ» бағдарламасы аясында – ауызсуға арналған инфрақұрылымдық жүйелерді қалыптастыру, материалдық-техникалық базаларды жаңғырту, су құбырларын тарту, ауызсудың сапасын арттыру жолында елеулі шаруалар қолға алынуда.  Талас ауданы шөл және шөлейтті аймаққа жатады. Соңғы жылдары Талас және Аса өзендері арқылы келетін су көлемінің азаюы – жер асты суының қорына да әсер етуде. Соған қарамастан, су қорын барлап, елді мекендердің тұрғындарын ауызсумен қамтамасыз ету күн тәртібінен түскен жоқ. «Ақбұлақ» бағдарламасының өңірлердегі жүзеге асырылу барысы да кешенді түрде жүргізілуде. Көптеген ауылдардың тұрғындары сапалы ауызсумен қамтамасыз етіліп отырғаны қуанышты жайт. Бағдарлама шеңберінде Ақкөл ауылына ауызсу жеткізудің үшінші кезеңіне биыл 147 миллион теңге бөлініп, қазір тиісті жұмыстар жүргізілуде. Сәтін салса, келесі жылы 200 миллион теңге бөлініп, су құбыры Тәңірқазған, Бөріқазғанға дейін жаңартылады. 2016 жылы Қызыләуіт ауылына ауызсу құбыры тартылмақ. Өз кезеңімен Есей би, Қараой, Қасқабұлақ ауылдарына да ауызсу жеткізілмек. Бүгінгі таңда «Талас – Таза су» коммуналдық қазыналық кәсіпорны ауданның он елді мекеніне қызмет көрсетеді. Нақтырақ айтсақ, 1935 отбасы тұщы суды пайдаланып отыр. Мекемемізде 6 техника бар. Әр ауылдағы су айдау бекеттеріндегі мамандарымыз қызметтеріне адал. Аудан әкімдігі де елдің сусыз қалмауы үшін қолдан келген көмектерін аяған емес.

Мұрат Несіпбай, «Талас – Таза су» коммуналдық қазыналық кәсіпорнының директоры.

Талас ауданы.

Ұқсас жаңалықтар