«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Адам еңбегімен ардақты

Адам еңбегімен ардақты
ашық дереккөз
Адам еңбегімен ардақты

Мемлекеттік қызмет – ел сенімін ақтау мен ел абыройын асыру жолында өз халқың үшін тер төгу. Бүгінде ел-жұрт алдындағы осынау жауапкершілікті айқын түсініп, еліміздің көркеюі мен дамуына айтарлықтай үлестерін қосып жүрген мемлекеттік қызметкерлер баршылық. Олардың еткен еңбегі жас ұрпаққа үлгі, өнеге.

Сондай еңбегімен жұртқа сыйлы болған азаматтың бірі – Мойынқұм ауданы әкімі аппаратының басшысы Сәбит Оразымбетов. 1955 жылдың 26 қарашасында Мойынқұм ауданы, Бірлік ауылында өмірге келген ол Жамбыл атындағы орта мектепті 1972 жылы тәмамдаған. Өзбекстан Республикасының Самарқанд қаласындағы ауыл шаруашылық институтына сол жылы оқуға түсіп, 1977 жылы ғалым-зоотехник мамандығын алып шығады. Алғашқы еңбек жолын 1977 жылы Айдарлы совхозында зоотехник-селекциялаушы қызметінен бастаған. 1979-1984 жыл аралығында Мойынқұм аудандық комсомол комитетінің екінші хатшысы қызметін атқарды. 1984-1988 жылдары аудандық партия комитетінің ұйымдастыру, ауыл шаруашылығы бөлімінің нұсқаушысы болып жұмыс істейді. 1992-2009 жылдары Мойынқұм ауданы әкімдігінің жалпы бөлімінің меңгерушісі, аудан әкімі аппаратының жетекшісі, аудан әкімінің орынбасары, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы, 2012 жылдан кейін аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімшесінің басшысы қызметінде жүріп, өзін үздік қызметкер ретінде көрсете білді. Өзінің жоғары ұйымдастырушылық қабілетінің арқасында көптеген табыстарға қол жеткізді. Бүгінде аудан әкімі аппаратының басшысы қызметін абыроймен атқарып жүрген Сәбит Мәденұлы саланың білікті маманы екенін ісімен дәлелдеп келеді. Ол өзінің еңбек жолында біліктілігі мен саяси танымын арттыруға күш салып, шәкірттерінің тұлға ретінде қалыптасуына ықпал етті. Тәуелсіз мемлекетіміздің мемлекеттік қызметкерінің оң имиджін қалыптастыруға да зор үлес қосып, бірнеше жас буынға ұстаз бола білді. Соның арқасында еңбегі еленіп, «Ерен еңбегі үшін» медальмен, Конституцияның 10, 20 жылдығы мерекелік медальдарымен марапатталды. Одан басқа, мемлекеттік қызмет саласындағы ұзақ жылғы еңбегі үшін Құрмет грамотасымен және «Нұр Отан» партиясының Алғыс хаттарымен марапатталған. Сәбит Мәденұлының жұбайы – Айнагүл жоғары білімді ұстаз. 1980 жылдан бері Жамбыл мектеп-гимназиясында математика пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеп, шәкірттер тәрбиелеуде. Екеуі екі ұл, бір қыз тәрбиелеп өсіріп, үлгі тұтар отбасы ретінде де танылды. Ұл-қыздары отбасылық тәрбие тінін сақтап, өз ісінің білікті маманы атанды. Мемлекеттік қызметті адал атқарып жүрген Сәбит Мәденұлының әлі де еңбекте жетістікке жетіп, абырой биігінен көріне беретініне сеніміміз мол.

Манарбек Көшкімбаев, аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы.

Мойынқұм ауданы.

Ұқсас жаңалықтар