60 жастағы Констанс Карпенито өмірінде екінші рет лотереяда миллион доллар ұтты. Зейнеткер әйел лотерея билетін 20 жыл бұрын сатып алып, джекпот ұтып алған тура сол дүкеннен сатып алды. Енді Карпенито өз немерелеріне ұмытылмас Рождествоны уәде етуде, деп хабарлайды dni.ru.
Массачусетс штатындағы Стоунхэм қаласының тұрғыны ұтыс әкелген лотерея билетін жергілікті Stop&Shop супермаркеттерінің бірінен сатып алған. Бұл зейнеткер әйелдің екінші үлкен ұтысы екенін хабарланып отыр - сонау 1996 жылы ол осы супермаркеттен лотереялық билетті сатып алып, алғашқы миллионын ұтып алған.
Лотереяны жеңіп алған компания 60 жастағы Констанс Карпенитоға 650 мың доллар төлеп үлгерді. Бұл сома зейнеткер әйелді өз ұтысын бірден алып кету шешіміне байланысты азайтылған - заңнамаға сәйкес, мұндай жағдайда ұтыс сомасына салық салынады, деп жазады Boston Herald басылымы.
Зейнеткер әйел ең табысты лотерея ойыншыларының бірі болып табылады. Миллион долларды екі рет ұтқанынан басқа, бірнеше ай бұрын ол сыйлық ретінде тағы 20 мың доллар алды, деп хабарлайды The Mashable.
1996 жылдан бері әйел АҚШ-та танымал «$10,000,000 Diamond Millionaire» лотереясына билеттерді күн сайын сатып алуда. Ондағы ең үлкен ұтыс сомасы 10 миллион долларды құрайды.
Зейнеткер әйелдің үш баласы, бес немересі бар екен. Ол ұтысының бір бөлігін ұрпақтары үшін ұмытылмас Рождествоны ұйымдастыру үшін жұмсауды уәде етті.
Ұқсас жаңалықтар
Медицина саласы серпінді дамуда
- 14 қаңтар, 2025
Метапневмовирус қаншалықты қауіпті, облыстағы жағдай қандай?
- 14 қаңтар, 2025
Ақпарат
Таразда ҚАЖ департаменті жыл қорытындысын жасады
- 16 қаңтар, 2025
Жамбыл облысында 49 инвестициялық жоба жүзеге асырылды
- 13 қаңтар, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді