«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Медицина саласында маман даярлау сапасы қайта қаралатын болады - Т.Дүйсенова

Медицина саласында маман даярлау сапасы қайта қаралатын болады - Т.Дүйсенова
ашық дереккөз
Медицина саласында маман даярлау сапасы қайта қаралатын болады - Т.Дүйсенова

20140606123512Медицина саласында маман даярлау сапасы қайта қаралатын болады. Бұл туралы бүгін Парламент Сенатында өткен кездесуде ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова мәлім етті.

Айта кетерлігі, кездесу барысында Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев елімідегі медицина саласына мамандар даярлаудың сапасын сынға алып, жоғары оқу орындарын тәмамдаған мамандар даярлығы төмен екенін, олар ұлттық денсаулық сақтау жүйесіне залалын да тигізіп жатқанын айтқан болатын.

«Біз орталық буындағы дәрігерлердің жетіспеушілігін, соңғы жылдары даярланған жалпы тәжірибе дәрігерлерінің білімі төмен екенін мойындаймыз. Осыған байланысты біз жалпы тәжірибе дәрігерлерін даярлау мәселесін қайта қарастыратын боламыз», - деді «Денсаулық» жаңа мемлекеттік бағдарламасын таныстырған министр Т. Дүйсенова.

Оның айтуынша, мамандандырылған медициналық көмек деңге      йінде педиаторлар тапшылығы мәселесін шешу үшін резидентура деңгейінде осы мамандарды даярлауға гранттар бөлінетін болады.

«Бұдан бөлек, орталық буынды дамыту аясында бірқатар функциялар біртіндеп арнайы даярланған жалпы практикадағы медицина бикелеріне берілетін болады. Осы мақсатта медбикелерді даярлаудың финдық үлгісі енгізілмек. Онда даярлаудың үш деңгейі қамтылады. Мәселен, еліміздегі колледждер арасынан медбикелер даярлаудың жоғары мектептері, білім беру бағдарламалары ұйымдастырылады. Бұл мектептердің түлектері медициналық көмек көрсетумен тікелей айналысады. Ал бүгінгі күні бакалавр деңгейінде оқытып, медбикелер даярлап жатқан жоғары оқу орындарында негізінен ғылыммен, әкімшілік жұмыстармен айналысатын медбикелер оқытылады. Әлемдік тәжірибе осындай, біз де соған көшуге тиіспіз», - деді Т. Дүйсенова.

Ұқсас жаңалықтар