Алматының тумасы Ресейдегі үздік 25 компания басшыларының қатарына енді
- author «Ақ жол»
- 19 қараша, 2015
- 262
«Базалық элемент» компаниясының басшысы, Алматы тумасы Гүлжан Молдажанованың есімі Forbes журналының жыл сайынғы рейтингінде Ресейдегі ең қымбат 25 компанияның қатарына кірді.
6 млн доллар табыс жинаған Гүлжан Молдажанова 17-ші орын алды. «Базалық элемент» компаниясы басшысының үздік 25 басшының рейтингінде жалғыз әйел екенін атап өту керек.
Гүлжан Молдажанова 1966 жылдың 11 маусымында Алматыда дүниеге келді. Білімі бойынша физик. 1989 жылы Қазақ мемлекеттік университетін үздік тәмамдаған. Одан кейін Мәскеудегі аспирантурада білім алу үшін Қазақстаннан кеткен. 27 жасында ғылым кандидаты атанды, ал 1994-1995 жылдары ММУ-де ғылыми жұмыспен айналысты.
Білімі: Қазақ мемлекеттік университеті, РФ үкіметі жанындағы Қаржы академиясы.
Еңбек жолын 1995 – «Алюминпродукт», хатшы болудан бастаған. 1995-1999 – «Сібір алюминийдің» есепшісі, қаржылық менеджер, коммерциялық директор, 2000-2004 – «Русал» компаниясының сату және маркетинг бойынша директоры, стратегия және бірлескен даму бойынша директор, 2004-2005 – алюминий бизнесі бойынша басқарушы директор, «Базалық элемент» компаниясы бас директорының бірінші орынбасары, 2005-2009 – «Базалық элемент» компаниясының бас директоры, 2009-2011 – «ЕСН» тобының бас директоры, 2012 жылдан бастап – «Базалық элемент» компаниясының бас директоры қызметтерін атқарған.
Ұқсас жаңалықтар
«Салауатты ауыл» қатары көбейіп келеді
- 17 қараша, 2024
Зертханалық диагностика мәселелері зерделенді
- 17 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді