Ұлттық банк төрағасы жинақты шетелдік валютадан гөрі, теңгемен сақтаған дұрыс екенін айтты
- author «Ақ жол»
- 19 қараша, 2015
- 567
Жинақты шетелдік валютадан гөрі теңгемен сақтаған тиімді. Бұл туралы бүгін президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев мәлім етті.
Оның айтуынша, Ұлттық банк теңге Қазақстанның басты валютасы екендігін қоғамға дұрыс түсіндіру жұмыстарын жүргізуі тиіс. Осыған орай ірі мәмілелермен қатар барлық баға құрылымдары теңгемен жүргізілуі қажет.
«Бұл тек қана мәмілелерге ғана емес, сонымен бірге баға құрылымдауға, баға көрсетулерге де қатысты. Біз Қазақстанда тұрамыз және біздегі баға теңгемен болуы тиіс. Меніңше, бұл дұрыс құбылыс әрі бұған азаматтарымыз қарсы болады деп ойламаймын», – деді Ұлттық банк төрағасы.
Оның сөзіне қарағанда, ел экономикасын долларсыздандырудың көптеген шаралары бар.
“Біздің арсеналымызда болатын экономикалық ынталандыру тетіктерін біздер қолдануға дайынбыз. Яғни, шетелдік валютаға қарағанда теңгемен сақтау тартымдылығын арттыратын тетіктер бар. Біз бұл тетіктерді ілгерілетуге, күшейтуге және мүмкіншілігінше оны жақын арада жүзеге асыруға дайынбыз», – деді Ақышев.
Сондай-ақ, Данияр Ақышев еліміздегі жеке валюта айырбастау пункттері жабылмайтынын жеткізді.
«Бұл нарықтағы делдалдардың, айырбас пункттердің қызметін шектеу бойынша әкімшілік шараларға қатысты айтарым, меніңше, қазіргі уақытта біздер қандай да бір түбегейлі іс-қимылға дайынбыз деп ойламаймын. Олар қоғамның да, бизнестің де тарабынан қабылданбайды. Меніңше, олар Ұлттық банкке тұрақтылыққа қол жеткізуге көмектесе алмайды», – деді ол.
Дегенмен, Ақышев бұл шараларды аталған нарықтың қатысушылармен тікелей талқылауға, сол арқылы қандай шешімдер қабылдауға мүмкін болатындығын түсінуге дайын екендігін атап өтті.
Ұқсас жаңалықтар
Қызылшамен сырқаттану деңгейі 1,4 есеге азайды
- 20 қаңтар, 2026
Халықтың саулығы бәрінен маңызды
- 19 қаңтар, 2026
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




