Қазақстандық спортшы Н. Земцов пауэрлифтингтен әлем чемпионатында жаңа рекорд орнатты
- author «Ақ жол»
- 17 қараша, 2015
- 761
Павлодарлық Николай Земцов Португалияда ерлер арасында классикалық пауэрлифтингтен өткен әлем чемпионатында екі алтын ұтып, жаңа әлемдік рекорд орнатты, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
Облыстық спорт және дене шынықтыру басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, жарыс 10-15 қараша аралығында Португалияның Порту қаласында өткен.
«Николай Земцов мүсіндік тарту мен соммада өзіне тең келер ешкім жоқ екенін дәлелдеді. Мүсіндік тартуда 326 келілік штанганы көтеріп, әлемдік рекорд жасады», - дейді спортшының бапкері ҚР еңбек сіңірген спорт шебері Иван Прокопенко.
Әлем біріншілігінде Н. Земцов жүрелеп отырып көтеру кезеңінде 250, штангыны жатып алып сығымдап көтеруде 185, ал штангыны тарту кезеңінде 326 келіні еңсерген.
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




