ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің мәліметіне қарағанда, 2015 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша Қазақстандағы қолда бар жеңіл автокөліктің саны 4 955,2 мың бірлікті құрады.
Комитеттің баспасөз қызметі таратқан мәліметтеріне қарағанда, 2015 жылғы қаңтар-қыркүйекте елімізде 692 631 жеңіл автомобиль тіркелді. Бұл көрсеткіш өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 22,5 пайызға жоғары. Соның ішінде, есепті кезеңде тіркеуге алынған автокөліктердің ең көп саны Оңтүстік Қазақстан облысына тиесілі, онда өткен тоғыз айда 86 990 көлік тіркелген. Одан кейінгі орында Алматы қаласында 85 мың 218 көлік, Алматы облысы - 82 мың 99 көлік тіркелген. Ал осы кезең ішінде Астана қаласында тіркелген көлік саны 60 019 бірлікті құрады. Есепті кезеңде автокөліктер ең аз тіркелген аймақ - Қызылорда облысы, онда 18 292 көлік тіркеліпті.
Ұқсас жаңалықтар
Ерте анықтау – аурудың алдын алады
- 4 желтоқсан, 2025
Ұзақ өмір сүргіңіз келсе, жүйкеңді сақта
- 29 қараша, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




