Хирургтар 41 жастағы ер адамға жас жігіттің бетін «салып берді»
- author «Ақ жол»
- 17 қараша, 2015
- 253
Американың хирургтары адамның бетін толық ауыстыру бойынша рекордтық күрделі ота жасады.
26 сағатқа созылған ота барысында 41 жастағы өрт сөндіруші Патрик Хардинсонға бет тіндерінің рекордтық санын ауыстырып, оның өрт салдарынан сиқы бұзылған бетін донордың бетіне ауыстырды, деп хабарлайды Би-би-си.
2001 жылы өрт кезінде бір әйелді құтқармақ болған Хардинсонды күрделі күйіктер шалған. Бұл оқиғадан кейін өрт сөндіруші көру қабілетінен дерлік толық айырылып, бетінің сиқы бұзылған. Соңғы 14 жылда оған 71 рет ота жасалғанымен, бетін бұрынғы қалпына келтіру әрекеттері сәтсіз аяқталды.
Хардинсонның бетінің доноры Нью-Йорктің 26 жастағы суретшісі Дэвид Родебау болды. Отаның алдында бір жыл бұрын ол ауруханада мотоциклмен жарыс кезінде алған жарақаты салдарынан көз жұмған. Родебаудың бетін ота үшін пайдаланылуына оның анасы рұқсат берді.
Ота кезінде хирургтар пациенттің бас сүйегінің формасын өзгертуге тура келді. Алдағы уақытта Хардинсонға көру қабілеті қайтып оралады.
Бұл – медицинада адамға бет тіндерінің осыншама үлкен саны ауыстырылып қондырылған бірінші оқиға. Бет тіндері ауыстырылып қондырылған бірінші пациент – 2005 жылы франциялық азаматша Изабель Динуар болды.
Ұқсас жаңалықтар
«Салауатты ауыл» қатары көбейіп келеді
- 17 қараша, 2024
Зертханалық диагностика мәселелері зерделенді
- 17 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді