ҚМДБ Париждегі лаңкестік әрекетті ұйымдастырушыларды қатаң айыптады
- author «Ақ жол»
- 16 қараша, 2015
- 571
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Парижде орын алған қайғылы оқиғаға байланысты мәлімдеме жасады.
Париж қаласында болған террорлық оқиғаны ұйымдастырушылардың әрекетін қатаң айыптаймыз. Қаза болған адамдардың отбасына, туған-туыстарына қайғыра көңіл айтамыз. Жарақат алған жандардың жуық арада жазылып кетуін Жаратушыдан тілейміз. Барша адамзат баласын бейбіт өмір сүруге, түрлі ұлт, дін өкілдерін бірлікке үндейтін Ислам діні жазықсыз адам қанын төгуге қарсы. Қасиетті Құранда: «Жазықсыз бір адамды өлтіру – бүкіл адамды өлтірумен тең», – деп баяндалған мәлімдемеде.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы дін атын жамылып, озбырлық жасаушылардың, шектен шыққандардың әрекетіне әлемдік дәстүрлі дін лидерлерінің, халықаралық қауымдастықтардың күшін біріктіре отырып, тосқауыл қоюға шақырады.
“Алла Тағала елімізді, халқымызды, барша адамзат баласын бүліктен, жамандықтан сақтасын!”, – делінген мәлімдее соңында.
Ұқсас жаңалықтар
Қызылшамен сырқаттану деңгейі 1,4 есеге азайды
- 20 қаңтар, 2026
Халықтың саулығы бәрінен маңызды
- 19 қаңтар, 2026
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




