Синоптиктер демалыс күндері ауа райының қандай болатынын айтты
- author «Ақ жол»
- 13 қараша, 2015
- 713
Алдағы демалыс күндері еліміздің ауа райына циклон айтарлықтай ықпал етеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" кәсіпорнына сілтеме жасап. Синоптиктер 14-16 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады.
Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстан аумағы арқылы өтетін циклон мен атмосфералық фронттар барлық облысқа жауын-шашын әкеледі. Солтүстік пен шығыста қар жауып, кей жерлерде боран соғады, сонымен қатар, көктайғақ болады деген болжам бар.
"Республиканың оңтүстігінде жаңбыр жауып, қарға ұласады. Ал солтүстік пен солтүстік-шығыс аудандарының ауа райына орталығы Батыс Сібірдегі антициклон ықпал етеді. Сондықтан, бұл өңірде түнде 15-20 градусқа дейін суық болады, ол климаттық нормадан 4-8 градусқа төмен", - деп хабарлады синоптиктер.
Айта кетейік, еліміздің қалған өңірінде ауа температурасы климаттық норма шамасында немесе 1-3 градусқа жоғары болады.
Еске сала кетейік, бұған дейін синоптиктер қараша айында ауа райыныңқандай болатынын айтты. Болжам бойынша, күздің соңғы айы қарашада ауа райы жауын-шашынды болады, жел күшейіп, тұман түсіп, көктайғақ күтіледі.
Ұқсас жаңалықтар
Жақсы дәрігер атану – қиынның қиыны
- 19 ақпан, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




