Ғалымдар адамдардың омарташылықпен біздің дәуірімізге дейін айналыса бастағанын білген. Аралар көне тиындар мен жартасқа салынған суреттерде бейнеленген.
Алайда бал мен балауыздың алғаш рет қашан жиналғаны туралы нақты археологиялық мәліметтер бұған дейін табылмаған еді. Соңғы зерттеулер адамдар бұл кәсіпті сонау тас ғасырда игергенін көрсетті, деп жазады epochtimes.ru.
Омарташылықтың жасын анықтау үшін, Бристоль университетінің ғалымы Ричард Эвершед басқарған халықаралық ғалымдар тобы 6 мыңға жуық балшықтан жасалған заттардың сынықтарын зерттеді. Олардың жасы 6-9 мың жылды құраған. Адамдар сол кезде көшпелі өмір салтынан отырықшы өмір салтына өткен. Бұйымдар Еуразия мен Солтүстік Африканың 150 ауданынан алынды.
Зерттеушілер ежелгі заманғы адамдар балауызды жебелер мен найзаларды жабыстыру, сондай-ақ ыдысқа су жұқпайтын қасиеттер беру үшін пайдаланғанын шамалап отыр. Ал бал болса, олар үшін тәттінің жалғыз көзі болған.
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




