«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Психологтар еліміздегі жастардың суицидке жиі баруына ата-аналарды кінәлады

Психологтар еліміздегі жастардың суицидке жиі баруына ата-аналарды кінәлады
ашық дереккөз
Психологтар еліміздегі жастардың суицидке жиі баруына ата-аналарды кінәлады

суицҚазақстандық жасөспірімдер арасында өзіне-өзі қол салу фактісі жыл санап артып барады. Өткен жылмен салыстырғанда биыл тіркелген суицид фактілері 12 пайызға артқан.

Қоғамдағы шешімі табылмаған түйінді тарқату үшін құқық қорғаушылар мен психологтар ортақ іске кірісті.

Қазақстандық жасөспірімдерді алқымнан алған суицид. Құлаққа түрпідей тиер ақпарат мынау. Жыл басынан бері республика бойынша 355 жеткіншек өз-өзіне қол салып, 105-і қаза тауыпты. Аталған статистика 2014 жылдың 9 айымен салыстырғанда 12 пайызға артқан. Шешімі табылмай келе жатқан қайғылы оқиғалардың алдын алу үшін құқық қорғаушылар мен психологтар жұмыла кіріскен.

«Кәмелеттік жасқа толмағандар өз-өзіне қол жұмсаған кезде міндетті түрде Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі 105 баптың 3-ші тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалады. Өкінішке қарай суицидке қатысты қозғалған істердің барлығы дерлік шешімін таба бермейді»,- деді Алматы қаласы Әуезов аудандық прокурорының аға көмекшісі Бауыржан Төлендинов.

Алматы қаласында өткен қаңтар айынан бері 9 жасөспірім суицидке жолы беріп, 4-еуі өмірімен қоштасқан. Қайғылы жағдайлардың жиілеп кеткеніне «үш түрлі фактор әсер етіп отыр», деп болжам жасапты психологтар.

Яғни, жастардың қыршын кетуіне ата-ананың балаға деген қарым-қатынасы және бақылаусыз ғаламтор.

«Қазіргі уақытта жасөсіпірімдер арасындағы өз-өзіне қол жұмсау фактілерінің басым бөлігі ата-ананың баламен дұрыс жұмыс жасамауынан, жастар арасындағы байланыстың өзгеруінен және ғаламтордың да үлкен зияны тиіп отыр»,- деді психолог Елена Занина.

Жасөспірімдердің өз-өзіне қол жұмсауына тосқауыл қою үшін келелі кеңес өтті. Оған Әуезов ауданындағы құқық қорғаушылар, орта және жоғары оқу орындарының басшылары мен психологтар қатысты. Бұдан былай әрбір ата-ана психологтан сабақ алады, жеткіншектердің ғаламтордағы саяхаты толықтай бақылауға алынбақ.

Ұқсас жаңалықтар