Атыраудың түйе жүнінен жасалатын өнімге итальяндықтар қызығушылық танытты
- author «Ақ жол»
- 13 қараша, 2015
- 754
Атырауда ҮИИД мемлекеттік бағдарламасы бойынша қой және түйе жүнін өңдейтін фабриканың құрылысы аяқталып келеді. Бұл өнімге итальяндықтар қызығушылық танытты.
«Қазақстанда жүн өңдеу нашар дамыған, біз өңірде бұл кемшіліктің орнын толтыруға шешім қабылдадық. Фабриканың жылдық қуаты 100 тонна түйе жүнін және 350 тонна қой жүнін өңдеуді көздейді. Фабрикада 4 мың қума метрге жуық түйе жүнінен жасалған көрпе шығарылады. Өнім Қазақстанда ғана емес, экспортқа жөнелтіледі. Алғашқы тапсырыс беруші қазірдің өзінде бар: бұл итальяндық компаниялардың бірі», - деп хабарлады облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов фабрикада болған кезінде.
Жоба құны - 2 млрд. 432 млн. теңге. Фабрикада 90 адам жұмысқа ие болады.
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




